Елизавета Матвеева жеңіл атлетикадан Кипрдегі халықаралық турнирде бақ сынайды

АСТАНА. KAZINFORM — 29 мамырда Кипрдің Лимасол қаласында жеңіл атлетикадан EKO Cyprus International Athletics Meeting атты халықаралық турнир өтеді, деп хабарлайды ҰОК баспасөз қызметі.

Фото: ҰОК

Аталған бәсекеге Қазақстан құрамасының атынан Елизавета Матвеева қатысады.

Отандасымыз әйелдер арасында биіктікке секіруден сынға түседі.

Айта кетейік, бұған дейін Елизавета Матвеева Қытайда өткен секіру дисциплиналары бойынша алғашқы Азия чемпионатында қола медаль жеңіп алған еді.

Бұдан бұрын Қазақстан жеңіл атлетикадан Азия чемпионатында қола жүлдеге қол жеткізгенін жаздық.