Енді мамандардың айтуына сүйінсек, ҰБТ кезінде болған қиыншылықтар, атап айтқанда, ҰҚК күзетінің ықпалымен металл іздегіштер, ұялы телефондар, шпаргалка, калькулятор құралдарын іздеп, оларды тапқан жағдайда балаларды аудиториядан шығару сияқты жағдайлар болмайды. Оқушылар мектепте аттестат алу үшін, ал үздіктер "Алтын белгісін" алуға ешқандай қобалжусыз, тестілеу мен емтихандар тапсыратын болады. Содан кейін мемлекеттік білім грантын алуға ниет білдіргендер ЖОО-да алғашқы тестілеу мен емтихандар тапсырады.
ҰБТ-ның жаңа форматы түрлі мемлекеттердегі емтихандарды өткізу бойынша халықаралық тәжірибелерді талдау нәтижесінде әзірленді. ЖОО-ға түсу емтиханы мен бітіру емтихандары бөлек өткізілетін мемлекеттердің тәжірибелері зерттелді. Бұл мемлекеттердің қатарына Жапония, Израиль, АҚШ жатады. ҰБТ тестерінің мазмұны оқу қабілетін, логикалық ойлаудың деңгейін, базалық құзыретін, яғни функционалдық сауаттылықты анықтауға көзделген.
жаңа форматтың тағы бір тиімді жағы - оқу сауаттылығына емтихан тапсыру. "Аталуының жай болуына қарамастан, бұл емтихан ең маңыздысы болып отыр. Ол емтихан тапсырушылардың нақты жеке мүмкіндіктерін сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерінің деңгейін анықтауға үлкен мүмкіндік береді. Сондай-ақ, мұнда тапсырмаларды жай жаттап қана қоймай, ойлау да, ойын жеткізе алу да, талдай білу де маңызды болмақ.
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі басшысының 2016 жылығы 7 мамырдағы № 31-38.24 бұйрығына сәйкес ҰБТ қорытындысы бойынша мектептер рейтингі жүргізілмейді, нәтижелері білім беру мониторингі шеңберінде қолданылуы мүмкін.
2016 жылдың қазан айынан бастап, ҰБТ жаңа форматы бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары толық көлемде өткізілуде. Бұл ретте, аталған шара бойынша медиа-жоспар әзірленген. Мектеп бітірушілердің, сынып жетекшілердің, мұғалімдердің, білім басқармалары әдіскерлерінің, ата-аналар қауымының, БАҚ және жергілікті атқарушы органдар өкілдерінің қатысуымен 53-тен астам кездесулер мен дөңгелек үстелдер өткізілді.
Министрлікпен апта сайын селекторлық тәртіпте білім басқармаларының жетекшілерімен диалог жүргізіледі, ата-аналар мен қаланың мектеп бітірушілерімен кездесулер өткізіледі.
Сондай-ақ, ҰБТ-ның жаңа форматы бойынша брифингтер өткізілді, БАҚ баспасөз қызметінде және телевидениеде түсіндірме беріледі.
Тест тапсырмаларына үш рет сараптама жүргізілді. Барлық тапсырмалар тестология талаптарына сәйкестігіне тексерілді және ҰТО-ның базасына қабылданды. «Егемен Қазақстан» газетінде апта сайын тест үлгілері жариялануда. ҰТО сайтында әдістемелік нұсқаулықтармен қатар тест тапсырмалары қосымша жарияланған.
ҰБТ ұйымдастыру және өткізу бойынша бірқатар мәселелер бар. Олар:
Біріншіден, кейбір бітірушілер мен олардың ата-аналарының ойынша ҰБТ мен қорытынды аттестаттауды тапсыру екі есе жүктеме болып табылады, себебі ҰБТ-мен қатар қорытынды аттестаттауға да дайындалу қажет;
Екіншіден, тест тапсырмаларының сараптамасы мен олардың апробациясы Ұлттық тестілеу орталығымен бірнеше рет өткізілуіне қарамастан, қате сұрақтардың болуы күмән тудырады;
Үшіншіден, бітірушілердің қатысуын ұйымдастыру, әсіресе шалғай елді-мекендерден келген мектеп түлектерінің қауіпсіздігін, тестілеу кезіндегі психологиялық қолдаудың көрсетілуін, сондай-ақ оларды тамақтандыру және орналастыруды қамтамасыз ету.
Айта кетейік, ҰБТ-дан өтуге өтініш қабылдау 10 мамырда аяқталады. Тестулеу 20 мусым мен 1 шілде аралығында өтеді.