- Қазақстанда цифрлық активтерді дамыту үшін криптовалюталардың өнеркәсіптік майнингі жүзеге асырылуда. Халықаралық зерттеу деректеріне сәйкес, 2025 жылдың қорытындысы бойынша еліміз жаһандық биткоин майнингі саласына қатысу үлесі бойынша әлемдегі жетекші он елдің қатарына енді. Қазіргі таңда майнингтік қуаттардың көлемін арттырып қана қоймай, басқа бағыттарға да назар аударған жөн. Атап айтқанда, бұл саладағы мемлекеттік саясат энергия тұтыну деңгейін бақылауды, салық салудың ашықтығын және саланың әлемдік цифрлық экономикаға интеграцилануын қамтамасыз ететін сапалы жұмыс моделін қалыптастыруға бағытталуы қажет, - деді О. Бектенов.
Осы орайда Үкімет басшысы Жасанды интеллект министрлігіне Блокчейн және майнинг қауымдастығымен, сондай-ақ мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, саланы одан әрі дамыту жөнінде қосымша шаралар әзірлеуді тапсырды.
- Биржаны, цифрлық құралдарды, токенизацияны, активтерді сақтау тетіктерін және төлем шешімдерін қамтитын толыққанды цифрлық майнинг индустриясын қалыптастыру қажет. Энергетика министрлігі Жасанды интеллект министрлігімен бірлесіп, майнинг орталықтарының қызметін қамтамасыз ету үшін газ және көмір генерациясын пайдалану тетігін пысықтасын, - деді Премьер-министр.
Бұдан бұрын хабарланғандай, елімізде 76 лицензияланған майнер бар.