Еліміз бойынша Ораза айт намазы қашан басталады

АСТАНА. KAZINFORM – 20 наурыз – Ораза айт мейрамы. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы осы күні оқылатын Ораза айт намазының еліміз бойынша әзірленген кестесін ұсынды.

Фото: Kazinform

Қазақстан қалалары мен облыстарындағы мерекелік намаз уақыты

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жариялаған кестесіне сәйкес, Алматы, Алматы, Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстары, сондай-ақ Абай және Жетісу облыстарында айт намазы сағат 07:00-де басталады.

Астана, Шымкент, Ақмола, Жамбыл, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Түркістан облыстарының тұрғындары мешіттерде мерекелік намазға сағат 07:15-де жиналады.

Қостанай, Қызылорда облыстары және Ұлытау облысында айт намазы сағат 07:30-де басталады.

Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарының тұрғындары мерекелік намазға сағат 08:30-де барады.

Фото: ҚМДБ

Айта кетелік ел өңірлері арасындағы уақыт айырмашылығы қандай болғанын жазған едік