Елімізде 1-сыныпқа 336 000-нан астам оқушы қабылданды
10:23, 09 Тамыз 2024
АСТАНА. KAZINFORM – Балаларды орта білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау жалғасып жатыр.
Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, құжаттарды мемлекеттік egov.kz электрондық үкімет қызметі, жергілікті атқарушы органдардың ақпараттық жүйелері арқылы тапсыруға болады.
Бірінші сыныпқа балалар 6 жастан бастап ата-анасының немесе баланың заңды өкілінің өтініші негізінде қабылданады.
Бүгінде 1-сыныпқа 336 000 астам оқушы қабылданды.