АСТАНА
10:00-де Астананың бірнеше спорт ғимаратында 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойыны өтеді.
10:00-де ҚР Ұлттық биотехнология орталығында «Астана Биотех» конференциясы өтеді.
11:30-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Адам саудасына қарсы іс-қимыл саласында қабылданып жатқан шаралар туралы» дөңгелек үстелі өтеді.
15:00-де ҚР Ұлттық музейінде ҚР Халық әртісі, композитор және мультиинструменталист Димаш Құдайбергенге арналған «Дүние дидарындағы Димаш» атты көрме ашылады.