2026 жылдың алғашқы тоғыз айында Қазақстанда балаларға дің жасушаларын трансплантациялау бойынша 36 операция жасалған.
Мұндай оталар қан мен сүйек кемігінің ауыр ауруларын емдеу үшін қолданылады. Трансплантация аурудың немесе қарқынды емнің салдарынан бұзылған қан түзу жүйесін қалпына келтіруге мүмкіндік береді.
Медициналық көрсеткіштерге қарай науқасқа өзінің дің жасушалары немесе донордың жасушалары көшірілуі мүмкін. Бұл процедура арнайы дайындықты, жоғары технологиялық жабдықты және ұзақ уақыт медициналық бақылауды қажет етеді.
Қордың мәліметінше, медициналық көрсеткіштер болған жағдайда қымбат емнің ақысын МӘМС жүйесі арқылы төлеуге болады. Ал 18 жасқа толмаған балалар сақтандырылған азаматтардың жеңілдік санатына кіреді. Олар үшін жарналарды мемлекет төлейді.
Еске салайық, бұған дейін Алматыда 8 жастағы баланың миына күрделі ота жасалғанын жазғанбыз.