Оның сөзінше, бүгінде сумен жабдықтау және су бұру саласы — коммуналдық шаруашылықтың ең өзекті мәселесінің бірі.
— Инженерлік желілердің тозуы, жиі болатын апаттар, қуаттың жеткіліксіздігі және ескірген технологиялар коммуналдық қызметтердің сапасына кесірін тигізіп отыр. Қазіргі таңда Ұлттық жобаның платформасында жалпы құны шамамен 330 миллиард теңгеге 105 жоба орналастырылған. Оның ішіндегі 20 жобаның құрылыс жұмыстары басталды, 58 жоба іске асыруға дайын, 2 жобаның тарифті бекіту рәсімі аяқталып қалды, тағы 25 жоба қаралып жатыр. Сонымен қатар, жалпы сипаттағы трансферттер аясында 209 миллиард теңгеге 516 жобаны қаржыландыру көзделген, — деді министр.
Ерсайын Нағаспаевтың айтуынша, осы жобаларды іске асыру нәтижесінде шамамен 1,9 мың шақырым сумен жабдықтау және су бұру желілері жаңғыртылып, олардың тозу деңгейі 43%-ға төмендейді.
Айта кетейік, бұған дейін Түркістан облысында биыл қанша елді мекеннің су құбыры жаңартылатынын жазғанбыз.