Кейінгі үш жылда елімізде трансплантаттау операцияларының саны артып келеді. 2023 жылы 236 операция жасалған болса, 2024 жылы бұл көрсеткіш 260-қа, ал 2025 жылы 310-ға жетті. Бұл кейінгі жылдардағы ең жоғарғы көрсеткіш саналады.
2026 жылдың бірінші тоқсанында 77 трансплантаттау операциясы орындалды, оның ішінде тірі донорлардан 55, қайтыс болған донорлардан 22 операция жасалды. Операциялар бүйрек, бауыр, жүрек, өкпе және мөлдір қабықты ауыстыруды қамтиды.
Балалар трансплантологиясын дамытуға ерекше көңіл бөлініп келеді. 2025 жылы балаларға 16 ағза ауыстыру операциясы жүргізілді.
Сонымен бірге, трансплантаттауды күтіп отырған пациенттердің саны әлі де жоғары деңгейде қалып отыр. Қазіргі уақытта күту тізімінде 4 600-ден астам адам бар, оның ішінде 119 бала бар. Ең көп қажеттілік бүйрек трансплантаттауға қатысты – 4 102 пациент, бауыр трансплантаттауды 267 адам, жүрек трансплантаттауды 198 адам және өкпе трансплантаттауды 33 пациент күтуде.
2023 жылмен салыстырғанда күту тізіміндегі пациенттер саны 3,9 мыңнан 4,6 мыңға дейін өсті.
Трансплантологияны дамытудағы маңызды факторлардың бірі – қайтыс болғаннан кейінгі донорлық және қоғамдағы ағза донорлығын қолдау мәдениетінің қалыптасуы. Әлеуетті қайтыс болған донорлардың саны 2023 жылы 49 болса, 2025 жылы 186-ға дейін өсті. 2026 жылдың бірінші тоқсанында тағы 55 әлеуетті донор анықталды.
Қайтыс болғаннан кейінгі донорлыққа қатысты азаматтардың ерікті келісімі eGov порталы арқылы артып келеді. 2023 жылы жүйеде 38,7 мың ерік білдіру тіркелсе, 2026 жылғы сәуірде бұл көрсеткіш 156 мыңнан асты. Алайда, қайтыс болғаннан кейінгі донорлыққа тек 15,1 мың адам келісім берген, ал 140,8 мың азамат бас тартқан.
Бұған дейін Қазақстанда 4,6 мыңнан астам адам ағза трансплантациясын күтіп жүргенін жазғанбыз.