Ұлттық статистика бюросының мәліметіне қарағанда, нақты мәнде ЖІӨ былтырғы осы кезеңмен салыстырғанда 4,1% өсті.
Ең жоғары өсім құрылыс саласында тіркелді. Бұл бағыттағы өсім — 15,2%. Одан кейін өңдеу өнеркәсібі — 9,8%, көлік және қоймалау — 7,1%, көтерме және бөлшек сауда, автомобильдер мен мотоциклдерді жөндеу — 5,7%, ауыл, орман және балық шаруашылығы — 4,4% болды.
Жылдың алғашқы алты айында ЖІӨ құрылымында тауар өндірудің үлесі 36,4%, ал қызмет көрсету саласының үлесі 55,4% болды. Экономикадағы ең үлкен үлес өнеркәсіпке тиесілі — 28,6%.
ЖІӨ өсіміне ең көп үлесті өңдеу өнеркәсібі қосты — 1,25 пайыздық тармақ. Көтерме және бөлшек сауданың үлесі 0,93 пайыздық тармақ, ал құрылыс саласының үлесі 0,79 пайыздық тармақ болды.
Еске салайық, бұған дейін Қазақстанның ЖІӨ көлемі 2026 жылғы алғашқы үш айда 34,1 трлн теңге болғанын хабарлаған едік.