Елімізде 248-ші «Ауыл құтқарушылары» ерікті өртке қарсы құралымы ашылды

АСТАНА. KAZINFORM – Ақмола облысы Бұланды ауданы Капитоновка ауылында 248-ші «Ауыл құтқарушылары» ерікті өрт сөндіру құралымының ашылуы өтті.

Фото: ТЖМ

Бұл бекет ең жақын маңдағы мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінен 71 шақырым қашықтықта орналасқан және жалпы саны 3234 тұрғыны бар 5 елді мекеннің өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

Фото: ТЖМ

Төтенше жағдайлар министрлігі мәліметінше, бекет жергілікті кәсіпкердің қолдауымен құрылды.

Жедел әрекет ету үшін бөлімше ТЖМ табыстаған өрт сөндіру автоцистернасымен, қажетті жабдықтармен, байланыс құралдарымен және арнайы киіммен жабдықталған. Бекетте жеке құрамның қызмет атқаруы үшін барлық тиісті жағдай жасалған.

Фото: ТЖМ

Еріктілер ТЖД базасында арнайы дайындықтан өтті.

Фото: ТЖМ

Айта кетейік, Алматы құтқарушылары қауіпті тау бағыттарын атады.

Құтқарушылар тауда адасып қалған екі адамға көмектесті.