- Қазіргі таңда шамамен 30 млн гектар жер деградацияға ұшыраған. Оның ішінде 5 млн гектар жер су эрозиясына, 25 млн гектар жер жел эрозиясына ұшыраған. Сонымен қатар елімізде 27 млн гектар тапталған жайылым бар, - деді ол.
Оның сөзінше, 205 млн гектар жерде цифрлық карта жасау жұмыстары аяқталған.
- Бұл карталар ауыл шаруашылығы алқаптарының кеңістіктегі орналасуы, көлемі және сапалық жағдайы туралы объективті ақпаратты көрсетеді, - деді Мұрат Теміржанов.
Айта кету керек, бұрынғы Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев Қазақстанда жер пайдаланушылардың немқұрайлығынан 90 млн гектар аумақ эрозияға ұшырағанын айтқан еді. Оның 29,3 млн гектары іске жарамсыз күйге түскен.