Елімізде 5 сәуір күні өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

АСТАНА. KAZINFORM – «Kazinform» Халықаралық ақпарат агенттігі Қазақстанда 5-ші сәуір күні өтетін маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

Фото: Kazinform

Астана

09:30-да «UN & Me» (ООН және мен) атты тақырыпта фотокөрме өтеді. Онда 30 қазақстандықтың өмірінің ерекше сәттерінен көріністер ұсынылады. Өтетін жері: Radisson Hotel Astana.

11:00-де көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, ҚР Парламенті Сенатының тұңғыш төрағасы, «Отан» орденінің иегері, академик Өмірбек Байгелдіні ақтық сапарға шығарып салу рәсімі өтеді. Өтетін орны: Бейбітшілік және келісім сарайы.

11:00-де «Байтақ» жасылдар партиясының Ғылыми-сараптамалық кеңесі су тасқыны мен оның алдын алу мәселелерін талқыға салады. Өтетін орны: Аманжолов көшесі 32/1.

11.30-де ҚР Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» РММ «Жасанды интеллектті одан әрі дамыту туралы» тақырыбында баспасөз конференциясы өтеді.

15:00-де ҚР ІІМ-нің «Құқық тәртібі» жедел алдын алу іс-шарасының қорытындысы» және полицияның су тасқыны кезіндегі жұмысы» тақырыбында онлайн-трансляция форматында өтетін брифингі.