Елімізде 6 бірдей стадион салынады

Коллаж: Kazinform

АСТАНА.KAZINFORM — Алматы, Шымкент, Семей қалаларында спорт алаңдарының құрылысы басталып та кетті. Бұл туралы Jibek joly телеарнасының жаңалықтар қызметінде айтты. 

Мысалы Алматыдағы арена гектар аумақты алып жатыр. 35 мың адам сыяды. Стадион Талғар мен Құлжа тас жолының бойында орналасады.

Үлкендігі дәл осындай кешен Шымкентте де бой көтереді. Ал Семейде салынып жатқан Абай Арена 25 мың адамға шақталған. Аталған стадиондардың іші-сырты халықаралық талаптарға сай жабдықталады. Әрі жанкүйерлерге арналған демалыс орындары болады.

Сондай-ақ мұндай спорт кешендері Ақтөбе, Ақтау тұрғызылады. Бұлардың құрылысы алдағы екі жылда бітуі керек. 

Айта кетелік Алматының жаңа стадионы туралы жазған едік