Eлімізде 97,8 тонна алтын қоры бар жаңа 5 кен орны есепке қойылды

Фото: Report

АСТАНА. KAZINFORM – Мемлекет басшысының жер қойнауын тиімді әрі ұтымды пайдалану жөніндегі тапсырмасын орындау аясында Қазақстанда минералды шикізат базасын кеңейту бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде. Жыл басынан бері қатты пайдалы қазбалардың бес жаңа кен орны мемлекеттік есепке қойылды.

Үкіметтің дерегінше, жүргізілген геологиялық барлау жұмыстарының нәтижесінде алтын қоры 97,8 тоннаға, күміс қоры 11,9 тоннаға, ал мыс қоры 36,4 мың тоннаға артты. Бұл көрсеткіштер саланың инвестициялық тартымдылығының артуына байланысты мүмкін болды.

2025 жылы жаңа 41 нысанға геологиялық барлау жұмыстарын жүргізуге бюджеттен 7,6 млрд теңге бөлінді.

- Геологиялық барлаудың ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған серпінді қадамдардың бірі – жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасын іске қосу болды. Жаңа ақпараттық жүйе барлау және өндіру құқығын алу процесін автоматтандырады. Платформада әлеуетті инвесторлар үшін қолжетімді 66 мыңнан астам геологиялық есеп орналастырылған, – делінген ресми хабарламада.

Қазақстанда алтын бағасы қандай екенін білгіңіз келсе, сілтемеге өтіңіз.