Ел тарихында алғаш рет дзюдодан халықаралық оқу-жаттығу жиыны өтіп жатыр. 5-15 тамыз күндері Алматы облысындағы Олимпиадалық даярлау базасында әлемнің 30 елінен келген 700-ден астам спортшы бірлескен дайындық жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Туризм және спорт министрлігі мәліметінше, халықаралық оқу-жаттығу жиынына әлемдік рейтингтің көшбасшылары, Олимпиада чемпиондары мен жүлдегерлері, сондай-ақ әлем чемпионаттарының жеңімпаздары мен жүлдегерлері қатысып жатыр.
Қатысушылар қатарында Олимпиада чемпиондары Елдос Сметов (Қазақстан) пен Лаша Шавдатуашвили (Грузия), Олимпиаданың қола жүлдегері Ғұсман Қырғызбаев (Қазақстан), әлем чемпиондары Рюдзю Нагаяма, Санширо Мурао (Жапония), Инал Тасоев, Тимур Арбузов (Ресей), Тато Григалашвили (Грузия), Мими Хух (Корея) және әлемдік дзюдоның басқа да танымал шеберлері бар.
Айта кетейік, Қазақстан жүзуден АҚШ-тағы халықаралық турнирде 17 медаль жеңіп алды.