Елімізде алғаш рет жүзуден әлем кубогының кезеңі өтеді

Фото: ҰОК

АСТАНА. KAZINFORM – Сингапурде өтіп жатқан World Aquatics конгресінде Silk Road-2026 жүзуден әлем кубогының кезеңдері өтетін қалалар жарияланды. 

Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, бірінші кезең Әзербайжан астанасы Бакуде өтеді. Одан кейін жарыс Өзбекстанның Ташкент қаласында жалғасады. Ал соңғы, үшінші кезеңді Астана қаласы қабылдайды. 

Айта кетейік, Қазақстан мұндай ірі турнирді алғаш рет өткізгелі отыр. Жарысқа Олимпиада ойындарының, әлем чемпионаттарының жеңімпаздары мен жүлдегерлері, сондай-ақ әлем рекордшылары қатысады. 

Әлем кубогының барлық кезеңінің нақты өтетін уақыты кейінірек жарияланады. 

Бұған дейін 28 шілде — 3 тамыз аралығында өтетін жарыстардың кестесін жариялаған болатынбыз.