Апта басында Елдос Сафуллин БҚО білім басқармасының басшысы болып тағайындалды.
БҚО әкімінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, Елдос Набиоллаұлы 1981 жылы дүниеге келген.
Білімі жоғары, 2002 жылы М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін математика және информатика мамандығы бойынша бітірген. Сондай-ақ 2014 жылы математика жаратылыстану ғылымдары магистрі атағын алды.
Елдос Сафуллин 2002-2004 жылдары аталмыш университетте математика кафедрасының оқытушысы, 2004-2005 жылдары Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті математика кафедрасының оқытушысы, 2005-2012 жылдары М.Өтемісов атындағы БҚМУ физика, математика және информатика кафедрасының оқытушысы қызметін атқарды.
Сондай-ақ 2012-2022 жылдары «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ БҚО филиалы директорының оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі директорының орынбасары болды.
2022 жылдан осы уақытқа дейін «Орал ақпараттық технологиялар колледжі» МКҚК директоры қызметінде болды.
Апта басында Қуандық Бишімбаев ісін қараған сотта мемлекеттік айыптаушы болған прокурор Айжан Аймағанова жаңа лауазымға тағайындалды.
Елордалық прокуратураның хабарлауынша, Айжан Аймағанова мемлекеттік айыптауды қолдау және Астана қаласы прокуратурасының апелляциялық сатысына қатысу басқармасының бастығы лауазымына тағайындалып, әділет кеңесшісі атанған.
Еске сала кетейік, Айжан Аймағанова Салтанат Нүкенованы өлтіру ісін қараған сотта мемлекеттік айыптаушы болды.
23 шілдеде Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша облыс әкімінің өкімімен Ертай Алтаев Түркістан облысы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды.
Ертай Алтаев 1984 жылы бұрынғы Оңтүстік Қазақстан, қазіргі Түркістан облысында дүниеге келген. Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің түлегі. Мамандықтары: Туризм мененджері, құқықтану.Әр жылдары мемлекеттік қызмет жүйесінің сатыларынан өткен, мемлекеттік қызметте 17 жылдан астам жұмыс істеп келеді.
2006 жылдан 2008 жылға дейін Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігінде жетекші маман, сондай-ақ сарапшы лауазымдарында қызметте болған.
2008 - 2011 жылдар аралығында аталған министрлікте министрдің кеңесшісі қызметін атқарған.
2011 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінде Арнайы жобалар секторының сарапшысы лауазымына тағайындалса, 2012 жылдан 2022 жылға дейін Ішкі саясат бөлімінде Талдау және әдістемелік-инспекциялық жұмыс секторының инспекторы лауазымын атқарған.
2022-2024 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөліміндегі Мәдениет, тілдерді дамыту, жастар саясаты және спорт секторының меңгерушісі лауазымында қызмет еткен.
23 шілде күні Қызылорда облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы тағайындалды. Руслан Мұхамедәліұлы 1984 жылы Қызылорда облысы Шиелі ауданында дүниеге келген.
Жоғары білімді, «Экономика» мамандығы бойынша білім алған. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша «Экономика және бизнес» магистрі. Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының түлегі, «Мемлекеттік саясат» білім беру бағдарламасы бойынша «Бизнес және басқару» магистрі.
Еңбек жолын 2010 жылы «Самұрық» қоғамдық қорының үйлестірушісі болып бастаған. 2011-2014 жылдары Шиелі аудандық және Қызылорда қалалық ішкі саясат бөлімдерінің маманы, Қызылорда облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының бас маманы, Қызылорда облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» орталығының бас сарапшысы қызметтерін атқарған.
2014-2018 жылдары Қызылорда қаласы әкімі аппаратының бас инспекторы, қала әкімінің баспасөз хатшысы, 2018-2020 жылдары Қызылорда қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы қызметтерін абыроймен атқарды. 2020 жылдан осы кезге дейін облыстық қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары болды.
Сәрсенбіде Ерұлан Жамаубаев «Бәйтерек» холдингі директорлар кеңесіне мүше болып сайланды.
Ерұлан Кенжебекұлы 1974 жылы 25 наурызда туған.
1995 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын «қаржы және несие» мамандығы бойынша бітірген.
2009 жылы Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті жанындағы Халықаралық бизнес мектебін тәмамдады. Мамандығы — стратегиялық менеджмент.
Халықаралық қаржы ұйымдарында және батыс елдерінің орталық банктерінде «макроэкономикалық және қаржы саясаты», «монетарлық саясат стратегиясы және оны еуропалық орталық банкте жүргізу ерекшеліктері», «макроэкономикалық басқару», «қаржы нарығының құралдары», «қаржылық тұрақтылық» бағыттары бойынша біліктілігін арттырған.
1996-1998 жылдары — Қазақ мемлекеттік аграрлық университетінде оқытушы-тағылымдамашы, оқытушы;
1998-2014 жылдары — ҚР Ұлттық банкінің жетекші маманы, департамент директоры;
2014-2015 жылдары — «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамының басқарушы директоры;
2015-2018 жылдары — ҚР Президенті Әкімшілігі Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімі меңгерушісінің орынбасары, бөлім меңгерушісі;
2018-2019 жылдары — ҚР Президентінің көмекшісі;
2019-2020 жылдары — ҚР Қаржы министрлігінің жауапты хатшысы;
2020-2022 жылдары — ҚР Қаржы министрі;
2022-2024 жылдары — ҚР Премьер-Министрінің орынбасары — Қаржы министрі;
2024 жылғы 20 мамырда Мемлекет басшысының өкімімен Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі болып тағайындалды.
2024 жылғы шілдеден бастап жалғыз акционердің шешімімен холдингтің директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланды.
«Құрмет» ордені, «Ерен еңбегі үшін» мемлекеттік наградалық медалінің иегері.
Сол күні Сайран Сайфеденов Алматы білім басқармасының басшысы болып тағайындалды.
Сайран Сайфеденов 1974 жылы дүниеге келген.
Абай атындағы Қазақ мемлекеттік педагогикалық университетін, Алматы үздіксіз білім беру университетін, Қазақ жол және қатынас университетін бітірген.
Еңбек жолын 1997 жылы бастаған. Алмалы ауданы әкімінің аппаратында, сондай-ақ қала әкімінің аппаратында жұмыс істеді, Әуезов ауданы әкімінің орынбасары, Наурызбай ауданының әкімі лауазымдарын атқарды.
Әр жылдары Алматы қаласы әлеуметтік әл-ауқат басқармасы басшысының орынбасары, Әуезов ауданының әкімі болып жұмыс істеді.
2023 жылғы мамырдан бастап қазіргі тағайындауға дейін Алматы қаласы мемлекеттік активтер басқармасының басшысы болып жұмыс істеді.
25 шілде күні Ақмола облысы әкімінің өкімімен Президент Әкімшілігі және аудандық мәслихат депутаттарының келісімі бойынша Дарын Сабырғали Целиноград ауданының әкімі болып тағайындалды.
Дарын Сабырғалиұлы 1986 жылы Алматы қаласында туған.
Қазақ гуманитарлық заң университетін бітірген.
Еңбек жолын 2010 жылы Астана қаласында «Астана Автоком Инвест» ЖШС басқарушы директоры болып бастады.
2015-2017 жылдары Ақмол ауыл округі әкімінің орынбасары, Целиноград ауданы әкімі аппаратының басшысы қызметтерін атқарды.
2017-2020 жылдары Ақмола облысы әкімінің, Шортанды ауданы әкімінің аппараттарында жұмыс істеді, «G-Global» халықаралық хатшылығы қауымдастығының кеңесшісі болды.
2021 жылдың мамырынан 2024 жылдың сәуіріне дейін Қорғалжын ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.
Сәуір айынан бастап Ақмола облысы Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы басшысының орынбасары болып жұмыс істеді.
26 шілдеде жол активтері сапасының ұлттық орталығы БҚО филиалына жаңа басшы тағайындалды. Рафис Зинетов – Ақтөбе кооперативтік колледжінің және Қазақ автомобиль-жол институтының түлегі. Автожол саласындағы еңбек өтілі – 13 жыл.
2023 жылдан наурыз айынан бүгінгі күнге дейін Қостанай облысындағы филиалдың директоры болып қызмет атқарды. Ол қызмет еткен жылдарында өзін білікті маман, тәжірибелі басшы және кәсіби жолшы ретінде көрсете білді.
Сондай-ақ жұма күні Қонаев қаласы әкімінің орынбасары тағайындалды. Төлеген Кенжебеков 1986 жылы дүниеге келген. Білімі – жоғары.
Еңбек жолын І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің жастар жөніндегі маманы болып бастаған.
Әр жылдары «Жетісу жастары» жастар орталығының маманы, «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтары республикалық штабы Алматы облысы филиалының басшысы, облыстық ішкі саясат басқармасында, табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасында, облыстық Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінде жұмыс істеді.
2023 жылдың тамыз айынан Алматы облысы әкімдігінің Әдеп жөніндегі уәкілі лауазымында қызмет атқарған.
26 шілдеде Петропавл қаласы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды. Ержан Мұстафин 1984 жылы 13 қаңтарда Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Жарғайың ауылында дүниеге келген.
Еңбек жолын 2007 жылы Петропавл қаласының Ішкі істер органдарында бастаған.
2010-2023 жылдар аралығында Есіл ауданы әкімінің аппаратында әртүрлі лауазымдарда қызмет атқарды.
Осы тағайындауға дейін СҚО Есіл ауданы әкімінің экономика және жедел мәселелер жөніндегі орынбасары қызметінде болды.
Сенбіде Атырауда медициналық және фармацевтикалық бақылау департаментінің басшысы тағайындалды. Ұмытхан Мусабаева 1964 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. 1986 жылы Алматы мемлекеттік медицина институтын фармацев-провизор мамандығымен бітірген.
Еңбек жолын 1986 жылы Атырау облыстық дәріхана басқармасына қарасты №40 дәріхананың провизор-аналитигі болып бастаған. 2003-2004 жылдары аралығында «Медицина» ЖАҚ-та №7 дәріхананың провизоры болған.
2005-2008 жылдары Атырау облыстық женсаулық сақтау басқармасынының бас маманы болып жұмыс істеген. 2008-2023 жылдары аралығында Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінде басшылық лауазымдарды атқарған. 2023 жылдан осы тағайындалғанға дейін аталған департаментте басшының міндетін атқарып келді.