Наиль Ахметзакиров Жоғарғы Сот Төрағасының өкімімен жаңадан тағайындалған Сот әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Шәкір Шаяхметовті таныстырды.
Ш.Шаяхметов 1977 жылы дүниеге келген. Шымкент энергетика және бизнес колледжін «Электрондық есептеуіш машиналар мен автоматтандырылған жүйелерді бағдарламалау» мамандығы бойынша және ҚР Ішкі істер министрлігінің академиясын «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген. «Болашақ» бағдарламасы бойынша Кембридж университетінде ғылыми тағылымдамадан өткен. Заң ғылымдарының кандидаты, доцент.
Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің академиясында, С.Есқараев атындағы Бас прокуратураның Прокуратура кадрларының біліктілігін арттыру институтында, Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында түрлі басшылық қызметтерді атқарған. 2023 жылдан – СӘ халықаралық байланыстар бөлімінің бастығы.
Роллан Серіков Туризм және спорт министрлігі аппаратының басшысы болып тағайындалды.
1979 жылы Семей облысында дүниеге келген. Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетін, Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін («NARXOZ» университеті) бітірген. PhD докторы.
Еңбек жолын 2000 жылы Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінде оқытушы-тағылымдамашы болып бастаған. 2000-2016 жылдары — жоғары білім беру саласында оқытушы ретінде және түрлі басшылық лауазымдарда жұмыс істеді, стратегиялық және бюджеттік жоспарлау мәселелеріне жетекшілік етті.
2017-2020 жылдары — БҒМ Ұлттық тестілеу орталығының тестілеуді ұйымдастыру және өткізу басқармасының басшысы. 2021-2023 жылдары Астана қаласының Дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясында, Qazaq Kuresi қауымдастығында басшылық қызметтер атқарды. 2023 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен Дмитрий Мун Андреевич Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі болып тағайындалды.
Дмитрий Мун Андреевич 1991 жылы 2 сәуірде дүниеге келген. 2014 жылы М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін «Қолданбалы математика және информатика» мамандығы бойынша бітірген.
2014 жылғы тамыз - 2017 жылғы қыркүйек аралығы – «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ-да, «Қазпошта» АҚ-да жұмыс істеді; 2017 жылғы қыркүйек - 2018 жылғы қараша аралығы – ҚР прокуратурасының лейтенанты, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті Аналитикалық бөлімінің бастығы; 2019 жылғы қазан - 2023 жылғы тамыз аралығы - «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-да инженер-бағдарламашы, жоба жетекшісі, Big Data жөніндегі басқарушы директор. 2023 жылғы тамыз айынан бастап осы уақытқа дейін «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарды.
Раманхан Төрегелдиев ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитеті төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды.
Раманхан Төрегелдиев 1984 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының дүниеге келген. Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін, Шымкент әлеуметтік-педагогикалық университетін және Қаржы академиясын бітірген.
Мемлекеттік қызметтегі жалпы еңбек өтілі 14 жылдан асады. Ол мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау саласындағы мансабын 2009 жылы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржылық бақылау комитетінің Ішкі әкімшілендіру және персоналмен жұмыс басқармасының сарапшысы лауазымынан бастады. 2017-2020 жылдар аралығында Ішкі мемлекеттік аудит комитетінде басқарма басшысы болып жұмыс істеді, сондай-ақ Алматы облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті басшысының орынбасары қызметін атқарды. 2020 жылдан 2023 жылға дейін Батыс Қазақстан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің басшысы болды. 2023 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі апелляция департаментінің директоры қызметін атқарып келді.
Алматы әкімі Ерболат Досаевтың өкімімен қаланың қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы болып Әсия Айқанқызы Ақанова тағайындалды.
Әсия Ақанова дәрігерлер отбасында туып-өскен.«Болашақ» бағдарламасының түлегі бола отырып, University College London (2013 және Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетін (2015), «Жалпы Медицина» мамандығы бойынша докторантураны (2016) бітірген. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында жергілікті және мемлекеттік басқару мамандығы бойынша оқуын аяқтады (2024). Іскерлік әкімшілендіру магистрі дәрежесіне ие.
Ол еңбек жолын 2011 жылы ҚазҰМУ отбасылық медицина кафедрасының зертханашысы және әдіскері, доценті, кейін кафедра меңгерушісі болып бастаған. 2018-2020 жылдар аралығында Алматыда белсенді ұзақ өмір сүру орталығының ашумен және оған басшылық жасаумен айналысты. 2022 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін ол VIII сайланған Алматы қаласы мәслихатының депутаты.
Ұлытау облысында қоғамдық даму басқармасы және Қаржы басқармасының басшылары ауысты. Атап айтқанда, Бақытжан Жайлаубаев Ұлытау облысы қоғамдық даму басқармасының басшысы болып тағайындалды.
Бақытжан Өміртайұлы 1984 жылы 21 қаңтарда туған. Ө.Байқоңыров атындағы Жезқазған университетін «Заңгер» мамандығы бойынша бітірген. Әр жылдары Сәтбаев қаласы мәдени-сауық орталығының директоры, Сәтбаев қаласы ішкі саясат бөлімінің басшысы; Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Азаматтық қоғам істері комитеті талдау және жоспарлау басқармасының басшысы; Энергетика министрлігі цифрландыру және ақпараттандыру басқармасының басшысы болып қызмет еткен. Ұлытау облысы құрылғаннан бастап, осы уақытқа дейін Жезқазған қаласы әкімінің әлеуметтік мәселелер бойынша орынбасары болған.
Сонымен қатар, Жеңіс Қиянбеков Ұлытау облысы Қаржы басқармасының басшысы болып тағайындалды.
Жеңіс Шәдіұлы 1986 жылы 9 мамырда туған. Мамандығы бойынша қаржыгер және заңгер. Қазақ ұлттық аграрлық университетін және Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген. Еңбек жолын Алматы облысының қаржы басқармасында жетекші маман болып бастаған. Әр түрлі жылдары Алматы облысы қаржы басқармасы бюджет атқарылуын мониторингілеу бөлімінің басшысы; Астана қаласы бойынша Қазынашылық департаментінің шоттар және түсімдер бөлімінің басшысы; Қарағанды облысы Ұлытау ауданы және Жезқазған қаласы қазынашылық басқармасының басшысы болған. Кейінгі жылдары ҚР Бас прокуратурасы ішкі аудит басқармасының және Ұлытау облысы бойынша қазынашылық департаментінің басшысы болып қызмет етті.
Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбайдың өкімімен Ерсін Ибрашев Маңғыстау облысы туризм басқармасының басшысы болып тағайындалды.
Ерсін Ибрашев 1989 жылы туған. Білімі жоғары. 2013 жылы Қытай мұнай университетін мұнай-газ ісі мамандығы, 2019 жылы М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін халықаралық қатынастар мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 2014 жылы инженер-технолог болып бастаған. 2015-2016 жылдары жеке компанияларда басшылық лауазымын атқарды. 2017 жылы «Мұнай және газ ақпараттық-талдау орталығы» АҚ Талдау және жобаларды басқару департаментінің менеджері болды.
2018 жылы ҚР Ұлттық экономика министрлігі Салық және кеден саясаты департаменті Жер қойнауын пайдалану келісімшарттарын сараптау басқармасының бас сарапшысы болды. 2019 жылы ҚР Ұлттық экономика министрлігі Жобалауды басқару департаменті Жобалауды басқару жөнінде мемлекеттік органдарды үйлестіру басқармасының бас сарапшысы лауазымын атқарды. 2020 жылы ҚР Ұлттық экономика министрлігі Жобалауды басқару департаменті Жобалауды басқару жөнінде мемлекеттік органдарды үйлестіру басқармасының басшысы қызметіне тағайындалды.
2021 жылы ҚР Ұлттық экономика министрлігі Жобалық басқару саясаты департаменті Мемлекеттік органдарды жобалық басқару бойынша үйлестіру және қолдап отыру басқармасының басшысы болды. 2023 жылдан осы уақытқа дейін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Ішкі әкімшілендіру департаменті директорының орынбасары қызметін атқарды.
Астанада Сарайшық және Алматы аудандандарының әкімдері тағайындалды. Атап айтқанда, Президент Әкімшілігінің және қалалық мәслихат депутаттарының келісімімен 39 жастағы Мақсат Саматұлы Сарайшық ауданының әкімі қызметіне келді. Тағайындалғанға дейін Алматы ауданының әкімі қызметін атқарған еді.
Марат Саматұлы еңбек жолын 2007 жылы Алматы қаласы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу департаментінің маманы қызметінен бастаған. Әр жылдары «Астана қалалық коммуналдық шаруашылық», Астана қаласының энергетика және коммуналдық шаруашылық департаментінде және т.б. жұмыс істеді.
2012 жылдан бастап 2019 жылдың мамырына дейін Алматы ауданы әкімінің аппаратында түрлі лауазымдарда болды. 2019 жылдың мамырынан 2022 жылдың тамызына дейін Алматы ауданы әкімінің орынбасары, Байқоңыр ауданы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарды. 2022 жылдың тамыз айынан бастап Алматы ауданының әкімі лауазымында болды.
Ал оның орнына 39 жастағы Рустам Тәуекелов келді.
Ол Еңбек жолын ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінде бастаған. Әр жылдары «Балкантау KZ» ЖШС басшысы, «Елорда құрылыс компаниясы» ЖШС директорының орынбасары, «City Transportation Systems» ЖШС Басқарма төрағасының орынбасары болып жұмыс істеген. 2022 жылдың қазан айынан бастап «Елорда құрылыс компаниясы» ЖШС басшысы қызметін атқарды.
Алматы облысы Полиция департаментінде кадрлық ауыс-түйіс болды. Полиция қызметі басқармасының бастығы лауазымына Абдунур Тасыбаев және Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығына Байжан Сатылғанов тағайындалды.
Абдунур Тасыбаев 1975 жылы Түлкібас ауданында дүниеге келген. ҚР ІІМ Академиясының заң институтын тәмәмдәп, Ішкі істер органдарында 1993 жылы қызмет жолын бастаған. Бұған дейін Алматы қаласының Полиция департаментінде әртүрлі басшылық лауазымдарда жұмыс істеді. Осы уақытқа дейін Алматы қаласы ПД Медеу АПБ-на қарасты полиция бөлімін басқарды.
Ал полиция майоры Байжан Сатылғанов 1989 жылы 18 мамырда Қордай ауданы Михайловка ауылында дүниеге келген. Ішкі істер органдарында 2012 жылдың қаңтарынан бастап қызмет етеді. Еңбек жолын учаскелік полиция инспекторының көмекшісі қызметінен бастаған. Бұған дейін Көліктегі полиция департаментінің, сондай-ақ Жамбыл облысы Т.Рысқұлов атындағы аудандық полиция бөлімінің бастығы лаузымында қызмет атқарған.
Талғар қаласы әкімінің орынбасары лауазымына Бауыржан Байбатыров тағайындалды.
Бауыржан Байбатыров 1987 жылы 29 қазан күні дүниеге келген. Білімі — жоғары. Орталық Азия Университетін құқықтану мамандығы бойынша бітірген. Жалпы мемлекеттік қызметтегі еңбек өтілі — 8 жыл. Еңбек жолын 2014 жылы Бөлек ауылдық округінің әкімдігінде жетекші маман болып бастаған. 2018-2020 жылдары Еңбекшіқазақ ауданы бойынша кірістер басқармасының бас маманы болды. 2023 жылдан бері Талғар ауданы әкімінің аппараты мемлекеттік-құқықтық бөлімінің бас маманы қызметін атқарды.
Өңірлік кадр резервінің мүшесі Даут Дәулет Оралұлы Ақмола облысы Целиноград ауданының әкімі аппаратының басшысы лауазымына тағайындалды.
Дәулет Даут 1996 жылғы 11 қазанда Көкшетау қаласында туған. 2018 жылы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін «Көлік, көлік техникасы және технологиялары» мамандығы бойынша бітірді. Еңбек жолын 2019 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінде сарапшы лауазымынан бастаған. 2021-2023 жылдары аралығында министрліктің экономика салаларын дамыту департаменті салаларды институционалдық дамыту басқармасының бас сарапшысы лауазымында қызмет етті. 2023 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Экономика салаларын дамыту департаменті салаларды институционалдық дамыту басқармасының басшысы лауазымында қызмет атқарып келді.
Нығман Жүсіпов Ертіс ауданының әкімі болып тағайындалды.
Нығман Мүтәләпұлы 1978 жылы 12 қарашада Ертіс ауданының Северное ауылында дүниеге келген. Екі жоғары білімі бар. Еңбек жолын туған ауданында тарих пәнінің мұғалімі болып бастаған. Мемлекеттік қызмет өтілі 10 жылдан асады. 2020 жылдан бастап Ертіс ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.
Президент Әкімшілігінің және Ақсу қалалық мәслихатының келісімімен Ақсу қаласының әкімі лауазымына Болатбек Шәріпов тағайындалды.
Болатбек Шәріпов 1973 жылы Ертіс ауданының Заречное ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. Еңбек жолын 1992 жылы бастаған. Мемлекеттік қызметте 2008 жылдан бастап жұмыс істейді. Ертіс ауданында ол басқарма басшысынан аудан әкіміне дейінгі еңбек жолынан өтті. «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.
Президент Әкімшілігінің және Іле ауданы мәслихаты депутаттарының келісімі бойынша, Алматы облысы әкімінің өкімімен Қайыржан Серікбайұлы Жақсымбетов Іле ауданының әкімі болып тағайындалды.
Қайыржан Серікбайұлы 1975 жылы Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданында дүниеге келген. 1997 жылы Қазақ мемлекеттік сәулет-құрылыс академиясын «өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс» мамандығы бойынша, ал 2004 жылы Қазақ ұлттық аграрлық университетін «заңгер» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын Жамбыл облысында «Жамбылагропромстрой» АҚ құрылыс учаскесінің бригадирі қызметінен бастаған. Әр жылдары Тараз қаласындағы «Сарыарқа» ауыл шаруашылығы кәсіпорнының вице-президенті, Алматы қаласының Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасында ғимараттарды реконструкциялауды және қайта жоспарлауды бақылау бөлімдерінің бас маманы мен басшысы, Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау департаменті директорының орынбасары мен департамент басшысы, Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің орынбасары, Балқаш-Алакөл бассейндік инспекциясы басшысының орынбасары, Алматы облысы Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы қызметтерін атқарды.