Апта басында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығымен Дінмұхамед Гайдарұлы Қылышпаев ведомствоның Көші-қон комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды.
1986 жылы Шымкент қаласында дүниеге келген. Қазақ гуманитарлық заң университетін, Астана университетін, академик А. Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетін бітірген. Еңбек жолын 2008 жылы «ОҚО ШОБ-ты құқықтық қорғау жөніндегі заңгерлер одағы» қауымдастығының заңгері болып бастады.
Еңбек жолы: «Тәуелсіз заңгерлер» қоғамдық бірлестігінің төрағасы (2009–2015 жылдары), ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Заң қызметі департаменті Құқықтық талдау басқармасының сарапшысы, бас сарапшысы (2015–2017 жылдары), ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Заң қызметі департаментінің Құқықтық сараптама басқармасының басшысы (2017–2018 жылдары), ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі департаменті директорының орынбасары (2018–2020 жылдары), ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Мемлекеттік басқару жүйесін дамыту департаменті директорының орынбасары (2020–2021 жылдары), ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің қызметін қамтамасыз ету бөлімінің бас консультанты (2021–2022 жылдары).
2022 жылдың қыркүйегінен бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Мемлекеттік басқару жүйесін дамыту департаментінің директоры қызметін атқарды.
Павлодарлық «Ертіс» футбол клубына жаңа бас бапкер тағайындалды. Бұл қызметті Ерлан Шойтымов атқаратын болды.
46 жастағы отандық маманмен ресми келісімшарт жасалды. Ерлан Шойтымов – бұрынғы кәсіби футболшы. Ол ойыншы ретіндегі мансабын 1999 жылы бастап, Қызылорданың «Қайсар» клубы сапында Қазақстан кубогын жеңіп алған. Ерлан Шойтымов «Қайсар» клубы құрамында 101 матч өткізіп, 4 гол соқты. Сондай-ақ «Ақтөбе» сапында 82 кездесуге қатысып, 4 мәрте мергендігімен көзге түскен. Ойыншы мансабын аяқтаған соң бапкерлікке ауысып, ассистенттен бас бапкерге дейінгі жолдан өтті.
Қарағанды облысының әкімдігіне жаңа кадрлық өзгеріс енгізілді. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігімен келісу бойынша Шыңғыс Сүйінбаев тағайындалды.
Шыңғыс Сүйінбаев еңбек жолын «ҚазМетрИн» РМК жанындағы Техникалық реттеу және метрология комитетінің «Қазақстандық метрология қызметі» ЕМК Алматы филиалында 1-санатты маман болып бастаған. Кейін тексеру зертханасының меңгерушісі қызметін атқарды.
Әр жылдары Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетінде, сондай-ақ Сауда және интеграция министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінде басшылық қызметтер атқарды.
2022–2023 жылдары Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитеті төрағасының орынбасары болды.
2023 жылғы қарашадан бастап осы тағайындауға дейін Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіп комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарды.
Мемлекет басшысының Жарлығымен Ермек Сағымбаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы лауазымына тағайындалды.
Ермек Алдабергенұлы 1967 жылғы 11 қазанда Алматы облысында дүниеге келген. 1989 жылы Қазақ политехникалық институтын, 2007 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген. 1994-2006 жылдары ұлттық қауіпсіздік органдарында түрлі офицерлік лауазымдарда қызмет атқарды.
2006-2019 жылдары ҚР Президенті Күзет қызметінде офицерлік және басшылық қызметтер атқарған.
2019-2021 жылдары Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары – ҚР Президенті Күзет қызметінің бастығы болды.
2021-2022 жылдары Мемлекеттік күзет қызметі бастығының міндетін атқарушы, кейін Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы қызметін атқарды.
2022 жылғы қаңтардан бастап Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы қызметін атқарып келеді.
Ермек Сағымбаев ІІ дәрежелі «Даңқ» орденімен, ведомстволық және мерейтойлық медальдармен марапатталған. ҚР Мемлекеттік күзет қызметінің құрметті қызметкері.
2020 жылы Президент Жарлығымен Мемлекеттік күзет қызметінің генерал-майоры, ал 2022 жылы ұлттық қауіпсіздік генерал-лейтенанты әскери атағы берілген.
Дмитрий Малахов Жоғары Сот Кеңесінің төрағасы лауазымына қайта тағайындалды.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің, Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (Қаржы полициясы), Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық Бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) өңірлік департаменттері мен орталық аппаратының департаменттерінде басшы орынбасары (07.2004-03.2019)
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің Жедел департаментінің басшысы (03.2019-09.2020)
Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары (09.2020-03.2022)
Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары (03.2022-10.2023)
Қазақстан Республикасының Қаржы мониторингі агенттігі төрағасының орынбасары (11.10.2023-13.02.2024)
Қазақстан Республикасының Қаржы мониторингі агенттігінің Төрағасы (13.02.2024-16.09.2024)
Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы (19.09.2024 бастап)
Мемлекет басшысының Жарлығымен Артур Ластаев Адам құқықтары жөніндегі уәкіл лауазымына тағайындалды.
Артур Ермекұлы еңбек жолын Алматы қаласы прокуратурасында бастаған. 2006-2008 жылдары Бостандық ауданы прокурорының көмекшісі, 2008-2010 жылдары Алматы қаласы прокуратурасы басқармасының аға көмекшісі және прокуроры қызметтерін атқарды.
2010-2016 жылдары ҚР Бас прокуратурасының әлеуметтік-экономикалық саладағы заңдылықты қадағалау департаментінде аға прокурор, кейін бөлім бастығы болды.
2016-2018 жылдары Женевадағы БҰҰ бөлімшесі жанындағы Қазақстанның Тұрақты өкілдігінде Бас прокуратураның ресми өкілі әрі миссия кеңесшісі қызметін атқарды. 2018-2022 жылдары Қазақстанның Швейцариядағы Елшілігінде Бас прокуратураның ресми өкілі әрі кеңесші болды.
2022-2023 жылдары ҚР Бас прокуратурасының халықаралық-құқықтық ынтымақтастық қызметін басқарды.
2023 жылдан бері Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл қызметін атқарып келеді.
Артур Ластаев 2005 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Халықаралық құқық» мамандығы бойынша тәмамдаған. 2007 жылы осы университетте «Экономика және құқық негіздері» мамандығы бойынша магистр дәрежесін алған.
2015 жылы АҚШ-тағы Виргин университетінде қылмыстық әділет төрелігі бойынша магистрлік бағдарламадан өтіп, сертификат алған. Сол жылы АҚШ Федералдық тергеу бюросының Ұлттық академиясында арнайы дайындықтан өткен.
2018 жылы Женева университетінде «Қарулы қақтығыстардағы халықаралық құқық» мамандығы бойынша магистр дәрежесін алған.
II дәрежелі «Айбын» орденімен және «Прокуратура үздігі» төсбелгісімен марапатталған. Сондай-ақ ҚР Сыртқы істер министрлігі мен Бас прокуратураның Құрмет грамоталары және Алғыс хаттарына ие.
Жанболат Қалдыбайұлы Үсеновты Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі қызметіне тағайындалды.
Ол 1983 жылы Түркістан облысында дүниеге келген. 2004 жылы Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының (ММХҚИ) саясаттану факультетін тәмамдаған.
Еңбек жолы: «ҚазМұнайГаз-Сервис» ЖШС жетекші сарапшысы (2004-2006 жж.), Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Еуропа және Америка департаментінің атташесі (2006-2007 жж.), Қазақстан Республикасының Ұлыбританиядағы Елшілігінің атташесі (2007 ж.), Қазақстан Республикасының Америка Құрама Штаттарындағы Елшілігінің үшінші, екінші және бірінші хатшысы (2007-2011 жж.), «Шеврон Мұнайгаз Инк.» инвестициялық жобаларының үйлестірушісі (2011-2012 жж.), ҚР СІМ ресми өкілі, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Халықаралық ақпарат комитеті төрағасының орынбасары (2012-2014 жж.), «Шеврон Мұнайгаз Инк.» үкіметпен және қоғаммен байланыс жөніндегі директордың орынбасары (2014-2017 жж.), Еуразиялық халықаралық қатынастар кеңесінің директоры (2015-2017 жж.), Қазақстан Республикасының Ұлыбританиядағы Елшілігінің кеңесші-уәкілі (2017-2022 жж.), «24 KZ» телеарнасында «Мир» бағдарламасының жүргізушісі (2022-2023 жж.).
ҚР СІМ ресми өкілі қызметіне тағайындалғанға дейін «Верный Капитал» компаниясының корпоративтік коммуникациялар жөніндегі басқарушы директоры қызметін атқарған.
Жаппар Асқар Сыртқы істер министрлігіні Аппаратының басшысы болып тағайындалды.
Ол 1982 жылғы 23 наурызда Шымкент қаласында дүниеге келген. 2003 жылы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін, 2022 жылы Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясын бітірген.
27.11.2003 — 05.07.2004 жж. — ҚР Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің «Еңбек-Шымкент» РМК бухгалтері.
28.09.2004 — 10.11.2006 жж. — Астана қаласы әкімдігі Коммуналдық шаруашылық департаментінің жетекші маманы, бас маманы.
10.11.2006 — 11.02.2008 жж. — ҚР Парламенті Мәжілісі депутатының көмекшісі.
11.02.2008 — 02.06.2008 жж. — ҚР Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті қызметін қамтамасыз ету бөлімінің бас консультанты.
02.06.2008 — 30.06.2008 жж. — ҚР Парламенті Мәжілісінің Редакциялау және аударма бөлімінің сектор меңгерушісі.
30.06.2008 — 20.01.2015 жж. — ҚР Сыртқы істер министрлігі жүйесінде.
20.01.2015 — 07.07.2015 жж. — ҚР Президенті Іс басқармасының «Сарыарқа» корпоративтік қорының атқарушы директоры.
08.07.2015 — 17.03.2016 жж. — ҚР Президенті Іс басқармасының «Бурабай даму» ЖШС дирекциясының және «ОК „Оқжетпес“ ЕСК (емдеу-сауықтыру кешені) объектілерін басқарушы.
20.02.2017 — 25.05.2018 жж. — „Мемлекеттік архив“ ММ каталогтау және ақпараттық технологиялар бөлімінің меңгерушісі, директордың міндетін уақытша атқарушы.
22.10.2018 — 05.03.2020 жж. — ҚР СІМ-нің "Дипломатиялық сервис" ШЖҚ РМК ресми және хаттамалық іс-шаралар бөлімінің бастығы.
06.03.2020 — 16.07.2023 жж. — Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігінің ӘШБ басқарушысы.
10.08.2023 — 05.01.2026 жж. — ҚР Президенті Іс басқармасының „Мемлекеттік резиденциялар дирекциясы“ РМК директоры.
19.01.2026 — 20.08.2026 жж. — Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Қамтамасыз ету және құжат айналымы департаментінің директоры.
2026 жылғы 20 тамыздан бастап — Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Аппарат басшысы.
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің бұйрығымен Ержан Әмірбекұлы ведомствоның Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды.
1976 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген. М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1998 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде оқытушы болып бастаған.
2004–2014 жылдары — Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінің аға оқытушысы, профессор, кафедра меңгерушісі.
2014–2015 жылдары – ҚР Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығы басқармасының жетекшісі.
2015–2018 жылдары – Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университеті Халықаралық бизнес мектебінің директоры, Академиялық қызмет және ғылым жөніндегі проректоры.
2018–2020 жылдары — Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінің ректоры.
2020–2021 жылдары — Тараз өңірлік университеті ректорының міндетін атқарушы, ректоры.
2021–2022 жылдары — ҚР Білім және ғылым министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті директорының орынбасары.
2022–2025 жылдары – «Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты» КеАҚ басқарма төрағасы – ректоры.
2025 жылғы қаңтардан бастап қазіргі уақытқа дейін «Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті» КеАҚ басқарма төрағасы – ректоры қызметін атқарды.
Жанкүйерлерге жақсы таныс маман Руслан Эсатов қайтадан «Каспий» (Ақтау) командасы тізгінін ұстады.
Руслан Эсатов 1984 жылы 31 қазанда дүниеге келген. Футболшы мансабында 2004-2019 жылдар аралығында «Жамбыл», «Тараз», «Горняк» (Хромтау), «Каспий» (Ақтау), «Асбест» (Қостанай облысы), «Лашын» (Жамбыл облысы), «Қайсар» (Қызылорда), «Жетісу» (Талдықорған), «Атырау», «Мақтарал» (Түркістан облысы) командаларында ойнады.
2019 жылдан бері бапкерлік қызметінде «Мақтарал», «Тараз-Қаратау» клубтарының тізгінін ұстаған еді. Руслан Эсатовтың жетекшілігімен өткен маусымда «Каспий» Бірінші лига чемпионы атанып, Премьер-лигаға жолдама алды. Ал Асхат Құсайынов «Каспийдің» бас бапкердің көмекшісі қызметіне қосылды.
Мавритания өкілі Исмаил ульд Шейх Ахмед Ислам ынтымақтастығы ұйымының бас хатшысы болып сайланды.
Исмаил ульд Шейх Ахмед 1960 жылғы 9 қарашада Нуакшот қаласында дүниеге келген. Монпелье университетінде экономика бакалавры дәрежесін, Манчестер университетінде адам ресурстарын дамыту саласы бойынша магистр дәрежесін алған. Сонымен қатар Маастрихт университетінде білім алған.
Әр жылдары БҰҰ құрылымдарында қызмет атқарған. 2008–2012 жылдары БҰҰ-ның Сириядағы тұрақты үйлестірушісі, гуманитарлық үйлестірушісі және БҰҰ Даму бағдарламасының тұрақты өкілі болды. 2012–2014 жылдары Йеменде осыған ұқсас қызметтер атқарды.
2014 жылы БҰҰ Бас хатшысының Ливиядағы арнайы өкілінің орынбасары болып жұмыс істеді. Кейін Эбола індетіне төтенше ден қою жөніндегі БҰҰ миссиясын басқарды. 2015–2018 жылдары БҰҰ Бас хатшысының Йемен жөніндегі арнайы елшісі қызметін атқарды. Бұған дейін ЮНИСЕФ-те басшылық қызметтерде жұмыс істеген.
2018 жылы Исмаил ульд Шейх Ахмед Мавританияның сыртқы істер министрі болып тағайындалды. Ол араб, француз және ағылшын тілдерін меңгерген.
Елордада бірінші сессия ашылғаннан кейін ҚР Құрылтайының төрағасы лауазымына Айбек Дәдебай сайланды.
Бұл ретте аталған кандидат жасырын дауыс беруге арналған бюллетеньге енгізілді. Депутаттар арасынан есеп комиссиясы құрылып, комиссия дауыс беру барысын қадағалады. Осы орайда 145 депутаттың 144-і А. Дәдебайдың кадидатурасын қолдады.
Айбек Дәдебай 2001 жылы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетін тәмамдаған. 2003 жылы осы ЖОО-ның магистратурасын «аймақтану магистрі» мамандығы бойынша аяқтаған.
Сонымен қатар, 2001-2002 жылдары Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті Халықаралық туризм менеджменті кафедрасының оқытушысы болды.
2008-2011 жылдары ҚР Парламенті Сенаты Аппаратының Парламентаралық байланыстар және халықаралық ынтымақтастық бөлімінің сарапшысы, ҚР Парламентінің Сенаты Төрағасы көмекшісінің міндетін атқарушы.
2011-2013 жылдары ҚР БҰҰ-дағы Тұрақты Өкілдігінің үшінші хатшысы, атташе.
2013-2019 жылдары ҚР Парламенті Сенаты Төрағасының хатшылығы меңгерушісінің орынбасары, меңгерушісі.
2019-2021 жылдары ҚР Президенті Кеңсесі бастығының орынбасары.
2021 жылдың мамыры — 2022 жылдың қаңтар аралығында ҚР Президенті Іс басқарушысының орынбасары.
2022 жылы ҚР Президенті Іс басқарушысы. 2024 жылы ҚР Президенті Әкімшілігінің Басшысы болды.
Ал 2026 жылдың мамыр айынан Айбек Дәдебай «Әділет» партиясының төрағасы болып сайланды.
Берік Терлікбаев Абай облысы Жарма ауданының әкімі болып тағайындалды.
Жаңа Конституцияның қабылдануына байланысты «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңына тиісті өзгерістер енгізілді.
Аталған өзгерістерге сәйкес облыстық маңызы бар қалалар мен аудандар әкімдерін сайлау институты жойылды. Қазіргі уақытта облыстық маңызы бар қалалар мен аудандардың әкімдерін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен облыс әкімдері тиісті мәслихаттардың келісімімен тағайындайды.
Берік Серікқанұлы Үржар ауданының Қарақол ауылында дүниеге келген. Еңбек жолын жұмысшы болып бастап, кейін кәсіпкерлік және мемлекеттік қызмет салаларында еңбек етті. Аягөз ауданында экономика, салық, статистика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бағыттарында жауапты қызметтер атқарды.
Көп жыл бойы статистика саласында басшылық қызметтерде еңбек етті. Шығыс Қазақстан облысы бойынша статистика басқармасы басшысының орынбасары, Ұлттық статистика бюросының Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің, кейін Абай облысы бойынша департаментінің басшысы болды. 2026 жылғы 12 мамырдан бастап Жарма ауданы әкімінің орынбасары, аудан әкімінің міндетін атқарушы қызметін атқарды.
Айта кетейік, бұған дейін, 16-20 тамыз аралығындағы кадрлық тағайындауларды жазған едік.