Елімізде апта ішінде болған кадрлық тағайындаулар

АСТАНА. KAZINFORM – Осы аптада еліміздің түрлі өңірлерінде бірқатар кадрлық ауыс-түйіс болды.

Фото: Мухтор Холдорбеков/Kazinform

Апта басында Қызылорда облысы әкімінің аппарат басшысы қызметіне Әділхан Мұхамедияров тағайындалды.

Ә.Мұхамедияров 1987 жылы дүниеге келген, Солтүстік Қазақстан облысының тумасы. М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша бітірген. Экономика және бизнес магистрі. Бүгінде Е.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Саясаттану» мамандығы бойынша докторантурада білімін жетілдіріп жатыр.

Еңбек жолын 2008 жылы Солтүстік Қазақстан облысы бойынша салық департаментінің статисі болып бастап, әр жылдары мемлекеттік қызметте жоғары басшылық лауазымдарға дейінгі іздену жолынан өткен. 2008-2011 жылдары Солтүстік Қазақстан облыстық Ішкі саясат басқармасының бас маманы, облыс әкімі аппаратының бас маманы, бас инспекторы болған. 2011-2017 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің көмекшісі, облыс әкімі аппараты ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің меңгерушісі, облыстық Кәсіпкерлік және туризм басқармасы басшысының орынбасары болып жұмыс атқарды. 2017-2024 жылдары ҚР Президенті Баспасөз қызметінің сарапшысы, консультанты, инспекторы жауапты қызметтерін атқарған. 2024 жылдың қаңтар айынан ҚР Президенті Баспасөз қызметінің сектор меңгерушісі қызметін атқарып келді.

Сонымен бірге, Қызылорда облыстық Бәсекелестікті қорғау және дамыту департаментінің басшысы қызметіне Тоқжанов Дамир Жәкенұлы тағайындалды.

Дамир Тоқжанов 1988 жылы Қостанай облысында дүниеге келген. А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін «Математика» және «Экономика» мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2010 жылы Лисаков қаласы әкімі аппаратының маманы болып бастап, әр жылдары ішкі саясат саласында түрлі лауазымда жұмыс істеген. 2011-2018 жылдары Лисаков, Рудный қалалары әкімдіктері ішкі саясат бөлімінің бас маманы болған. 2018-2020 жылдары Лисаков қаласы әкімдігі тұрғын үй инспекциясының, кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы қызметтерін атқарған. 2020 жылдың ақпан айынан Бәсекелестікті қорғау агенттігі Қостанай облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары қызметін атқарып келді.

Жамбыл облысы әкімінің өкімімен Бақыт Аязұлы Бетбаев ветеринария басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды.

Бақыт Аязұлы 1974 жылы Жамбыл облысы Шу ауданы Төле би ауылында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін «ветеринариялық медицина» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 2000 жылы ауыл шаруашылық ғылыми-зерттеу институтының кіші ғылыми қызметкері болып бастаған.

Ол 2004-2005 жылдары Шу қаласы С.Сейфуллин атындағы орта мектеп директорының орынбасары, алғашқы әскери даярлық пәнінің мұғалімі; 2005-2006 жылдары Шу қаласы санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығының бактериолог-дәрігері; 2006-2007 жылдары Шу қаласы мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының бас маманы; 2010 жылы «Шу аудандық ветеринариялық қызмет» ЖШС-ның директоры; 2010-2012 жылдары Шу ауданы Қорағаты ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы; 2012-2017 жылдары Шу ауданы Шоқпар ауылдық округінің әкімі; 2017-2022 жылдары Шу ауданы әкімдігі ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы; 2022 жылдың қарашасынан бастап бүгінгі күнге дейін Шу ауданы әкімінің орынбасары лауазымында қызмет атқарған.

Атырау облысындағы Мақат ауданына жаңа әкім тағайындалды. Бұл лауазымды Азамат Мәмбетов атқаратын болды.

Азамат Саматұлы Мәмбетов 1986 жылы дүниеге келген. Екі жоғары білімі бар. Қазақ гуманитарлық заң университетін заңгер, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін экономист мамандығын меңгерген.

А. Мәмбетов 2006 жылдан бері мемлекетік қызмет саласында жұмыс істейді. 2006-2009 жылдары Ақтөбе қалалық әкімі аппараты жанындағы мекемеде кадр жөніндегі бас маман, 2010-2019 жылдар аралығында Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының кадр ісі жөніндегі бас маманы, заңгер, бөлім басшысы болған. Ал 2019-2021 жылдары Атырау облыстық облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында бөлім басшысы, кейін басқарма басшысының орынбасары болып жұмыс істеген. Сол жылдың мамырынан бүгінгі тағайындауға дейін аталған басқарманың басшысы лауазымын атқарып келді.

Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің өкімімен өңір басшысының орынбасары болып Жүсіп Жұмағұлов тағайындалды.

Жүсіп Жұмағұлов 1992 жылы Алматы қаласында туған. КИМЭП университетін «Іскери әкімшілік», М.Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ университетін «Юриспруденция» магистрі және Назарбаев университетін «Мемлекеттік басқару» магистрі мамандықтары бойынша тәмамдаған.

Әр жылдары Ж. Жұмағұлов елорданың қоғамдық даму істері басқармасы басшысының орынбасары, Астана қаласы әкімі аппараты басшысының орынбасары, «Сарыарқа» ауданының әкімі болды. 2023 жылдың сәуір айынан бастап осы тағайындауға дейін Астана қаласы Нұра ауданының әкімі болып жұмыс істеді. Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі. Жаңа лауазымда ол ішкі саясат, мәдениет, білім, еңбек және дін мәселелеріне жауап бермек.

Ал Ұлытау облысы әкімінің орынбасары болып Зина Ақылбекова тағайындалды. Ол облыстың коғамдық даму, медениет, дене шынықтыру жене спорт, білім, дін және жастар ісі мәселелеріне жетекшілік жасайды.

Зина Ақылбекова 1965 жылы 17 мамырда дүниеге келген. 1987 жылы Жезқазған педагогикалық институтын, 2007 жылы Қазақстан-Ресей университетін аяқтаған. 1988-1995 Пионерлер активі мектебінің басшысы, 1995-2004 аталған орында әдістемелік жұмыс бойынша директордың орынбасары, 2004-2007 Жезқазған қ., №11 орта мектебінің оқу ісінің меңгерушісі, 2007-2007 Индустриалдық инновациялық даму, информациялық технологияларды енгізу және сараптау жұмысы бөлімінің бас маманының міндетін атқарушы, 2007-2008 Индустриалдық инновациялық даму, информациялық технологияларды енгізу және сараптау жұмысы бөлімінің бас маманы, 2008-2011 «Жезқазған қаласы ішкі саясат бөлімі» ММ басшысы, 2011-2011 «Жезқазған қаласының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ басшысының міндетін атқарушы, 2011-2015 «Жезқазған қаласының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ басшысы, 2015-2015 Жезқазған қаласы әкімі орынбасарының міндетін атқарушы, 2015-2022 Жезқазған қаласы әкімінің орынбасары, 2022-2023 Ұлытау облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы болған.

2023 жылдан осы тағайындауға дейін Ұлытау облыстық маслихатының тұрақты негізде жұмыс істейтін халықты әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт және жастар ісі жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы болып қызмет атқарған.

Үкімет қаулысымен Асқар Сақтағанұлы Биахметов Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі қызметіне тағайындалды.

Асқар Биахметов 1975 жылы Ақтөбе облысында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік басқару академиясын «Қаржы және несие» мамандығы бойынша, ҚАЗМЗА – «Құқықтану» мамандығы бойынша, ҚР Президенті жанындағы МБА ҰМСМ магистратурасын «Саясаттану» мамандығы бойынша және Дьюк университетін бітірген.

Ол 1993–2004 жылдары облыстық қаржы басқармасында, «Профилакторий» ӨК, Салық комитетінде, қалалық әкімдікте, сондай-ақ Ақтөбе облысының қазынашылық және қаржы басқармаларында басшылық лауазымдарда жұмыс істеді.2004-2009 жылдары — Ақмола облысы бойынша Қазынашылық департаментінің бастығы, 2009-2014 жылдары — ҚР Конституциялық Кеңесінің бөлім меңгерушісі, 2014-2015 жылдары — ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Мемлекеттік басқару жүйесін дамыту департаментінің директоры, 2015-2018 жылдары — Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары, 2019-2020 жылдары — ҚР Премьер-Министрі бірінші орынбасарының кеңесшісі, 2020-2023 жылдары — ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі басшысының орынбасары, 2023 жылғы ақпаннан бастап қазіргі уақытқа дейін — ҚР Үкіметі Аппараты басшысының орынбасары болған.