Елімізде атом энергетикасында жұмыс істеуге қауқарлы қанша маман бар
АСТАНА. KAZINFORM — Еңбек және халықтың әлеуметтік қорғау министрлігі Kazinform сауалына жолдаған жауабында атом электр стансасының жұмысына маманданған адамдардың санын атады.
Фото: Pixabay
«2024 жылдың шілдесіндегі жағдай бойынша ядролық физика және атом электр стансасы қондырғыларын пайдаланумен, ядролық және термоядролық құрылғылармен байланысты мамандықтарда жұмыс істеп жүргендердің саны — 114 адам», - дейді ведомстводан.
Фото: Еңбекмин
Энерегтика министрлігі дерегінше, елімізде АЭС салынып жатса, оны басқаруға орта есеппен 2 мыңға жуық жоғары және орта арнаулы білімі бар кадр керек.
16.01.1987ж. Монғолияның Баян-Өлке аймағында туған. 1992 жылы Қазақстанға қоныс аударып, ШҚО, Катонқарағай ауданында орта мектепті тәмамдаған. Тілшілік жолы ШҚО Глубокое ауданындағы "Ақ бұлақ" газетінде басталған.