Елімізде әуе керосиніне тапшылық көлемі қанша

АСТАНА. KAZINFORM – ҚР Көлік вице-министрі Талғат Ластаев елімізде әуе керосиніне қатысты тапшылыққа түсінік берді.

Фото: Солтан Жексенбеков/ Kazinform

«Әуе керосинінің тапшылығы осыған дейін де болған және сұраныс әлі де бар. Елімізде жылына 650 мың тонна өндіріледі. Ал бізге жылына 1 млн тоннадан астам керек. Сондықтан 350 мың тонна немесе одан артық көлемде тапшылық байқалып отыр. Қазір осы тапшылықты импорт есебінен жауап келеміз», - деді Т. Ластаев елордада әуе көлігі тақырыбында өткен баспасөз мәслихатында. 

Бұдан бұрын хабарланғандай Көлік вице-министрі вьетнамдық компанияның Qazaq Air-ді сатып алуы рәсімі күзде аяқталатынын растады