Елімізде автокөлік арзандады ма

АСТАНА. KAZINFORM — ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев Үкімет отырысынан кейінгі брифингте Қазақстанда өндірілген автокөліктердің бағасы төмендегенін мәлімдеді.

Фото: pixabay

— Автокөлік бағасы төмендеп келеді. Бұл — жақсы үрдіс. Қолымда статистика бар. Қазақстанда өндірілген автокөліктер бағасының өзгеру динамикасын талдадық. 2025 жылдың қорытындысы бойынша олардың бағасы шамамен 5% төмендеді, — деді Ерсайын Нағаспаев Үкіметтегі брифинг барысында.

Сонымен қатар, министрдің айтуынша, шетелде өндірілген автокөліктердің бағасы, керісінше, аздап өскен.

Айта кетейік, бұған дейін былтыр елімізде 171 400 автокөлік шығарылғанын жазғанбыз.