«Мерзімі өткен берешекті сотқа дейін реттеу аясында азаматтардың құқықтарын қорғауды күшейтілмек. Кейінгі жылдары тұтынушы кредиттің өсуі аясында азаматтардың проблемалы берешек деңгейін төмендетуге көмектесу бойынша көптеген өтініш келіп түсті. Алайда, қазір Банк омбудсмені тек ипотекалық несиелер бойынша дауларды қарастырып жатыр. Осыған байланысты, банк омбудсменіне азаматтардың барлық кредиті бойынша дауларды реттеу міндетін енгізу ұсынылды», - деді Мәди Такиев.
Депутаттың сөзіне қарағанда, банктер, микроқаржы ұйымдары және коллекторлар үшін банк омбудсменінің шешімдерін орындау міндеттілігі енгізіледі.
Айта кетейік, бүгін Мәжілісте Парламенттің бір топ депутаты бастамашы болған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кредит беру кезінде тәуекелдерді азайту және қарыз алушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы таныстырылды.