Ұлттық банк 23 шілдеде бір грамм алтынның құнын 61 925,12 теңге деп белгіледі.
16 шілдеде ол 60 819,14 теңге болған. Демек, бір апта ішінде алтын 1 105,98 теңге қымбаттады.
Ал әлемдік нарықта алтын құны бейсенбі күні екі апталық ең жоғары деңгейге жеткеннен кейін аздап төмендеді. Баға 0,2% түсіп, бір троя унциясы үшін 4 122,49 доллар болды. АҚШ-та тамыз айындағы фьючерстер 0,6% арзандап, 4 125,30 долларға жетті.
Дүниежүзілік алтын кеңесінің мәліметінше, 2026 жылдың бірінші жартыжылдығы алтын нарығы үшін айрықша құбылмалы кезең болды.
Жыл басынан бері алтын бағасының рекордтық көрсеткіші 12 рет жаңарды. Ал қаңтар айының соңында бір унция үшін 5 405 долларға жетті. Алайда маусым айында баға 4 002 долларға дейін төмендеп, жыл басынан бері орта есеппен 7% түсті. Ал нарықтағы бағаның құбылу көрсеткіші 30%-ға артты.
Бағаның өзгеруіне Таяу Шығыстағы геосаяси шиеленістің күшеюі, инвесторлар ұстанымдарының өзгеруі және баға өскеннен кейін пайданы тіркеу негізгі себеп болды.
Айта кетейік, бұған дейін Ақмола облысында алтын өңдейтін жасырын цех анықталғанын жазғанбыз.