ҚР Ұлттық банкінің мәліметінше, 20 тамыздағы жағдай бойынша бір грамм алтынның бағасы 64 729,57 теңгені құрады.
Бір апта бұрын, 13 тамызда бір грамм алтынның бағасы 66 004,73 теңгені құраған. Осылайша, алтын жеті күнде 1275,16 теңгеге арзандады.
Бұл ретте қазіргі баға тамыз айының басындағы деңгейден жоғары болып қалды.
Еске сала кетсек, Ұлттық банктің 6 тамыздағы дерегіне сәйкес, бір грамм алтынның бағасы 61 444,62 теңге болды.
Жалпы алғанда, Қазақстандағы алтынның ең жоғары құны 2026 жылы 30 қаңтарда тіркелді – сол кезде бір грамм үшін бағасы 89 002,60 теңгеге жетті.
Айта кету керек, алтынның бағасы екі айдан астам уақыт ішінде ең жоғары деңгейге жеткеннен кейін 20 тамызда әлемдік нарықта да төмендеді. Спот баға 0,6%-ға төмендеп, троя унциясы үшін 4495,69 долларды құрады.