— Өрттердің біреуі Қостанай облысында, біреуі Шығыс Қазақстан облысында, ал екеуі «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватының аумағында болған, — делінген комитет хабарламасында.
Алдын ала мәлімет бойынша, барлық өрттің шығуына найзағай разрядтары себеп болған көрінеді.
Уәкілетті органдар өрт қауіпті кезеңде табиғат аясында демалу кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға шақырды. Мамандардың айтуынша, орманды қорғау — әр азаматтың ортақ міндеті.
Бұған дейін 28 маусымда елімізде 5 орман өрті тіркелгенін жазғанбыз.