Елімізде бірыңғай әлеуметтік стандарт әзірленеді

Фото: Ағыбай Аяпбергенов / Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM — Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне бірыңғай әлеуметтік стандарт әзірлеу тапсырмасы берілді. Бұл туралы министр Светлана Жақыпова мәлім етті. 

— Қай санаттағы азаматтардың жеңілдіктен айырылатыны туралы айтуға әлі ерте. Шешім мемлекеттік органдар арасындағы кеңесуден кейін және қаржылық-экономикалық мүмкіндікті ескере отырып қабылданады, — деді Светлана Жақыпова Мәжілістің жалпы отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында.

Министрдің мәлімдеуінше, бүгінде өңірлерде көрсетілетін 117 әлеуметтік қолдау шарасының тізімі жиналды. Алайда олардың мазмұны әртүрлі және жергілікті бюджеттің мүмкіндігіне байланысты.

— Шынымен әлеуметтік көмекке мұқтаж азаматтарға қолдау шараларын қамту үшін бірыңғай әлеуметтік стандарт әзірлеу тапсырылды, — дейді ведомство басшысы.

Бүгін Мәжіліс ең төменгі жалақыны белгілеу туралы заңды қабылдады

Одан бөлек Мәжілістің жалпы отырысында Кореяда заңсыз жүрген қазақстандықтардың мәселесі қаралды

Айта кетсек, қазір Қазақстан тоғыз елмен еңбек келісімін мақұлдап жатыр.