— Биыл тоғыз айдың қорытындысы бойынша өңдеу өнеркәсібі 8,6%-ға өсіп, оң динамика көрсетіп келеді. Өндіріс көрсеткіші машина жасау, химия өнеркәсібі, құрылыс материалдары, резеңке және пластмасса бұйымдар өндірісінде, жеңіл өнеркәсіпте және басқа да салаларда өсті, — деді ол.
Вице-министрдің сөзінше, аталған өсімге жаңадан іске қосылған өндіріс орындары әсер етті.
— Бүгінде жалпы құны, 642 миллиард теңгеден асатын 106 жоба іске қосылып, шамамен 8 мың тұрақты жұмыс орны ашылды. Осы жобалардың нәтижесінде елімізде бұрын өндірілмеген жаңа өнім түрлерін шығару жолға қойылды. Олардың қатарында натрий сульфаты, тамшылатып суару жүйелері, ламинат, кофе машиналарына арналған алюминий капсулалар және басқа да өнімдер бар, — деді ол.
Сонымен бірге, Қуандық Қажкенов биыл құны 1,7 триллион теңге болатын, 200 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланып отырғанын атап өтті.
Айта кетейік, бұған дейін елімізде сауда көлемі 61 трлн теңгеге жеткенін жазғанбыз.