Елімізде екінші дүниежүзілік соғыстың 105 ардагері қалған
АСТАНА. KAZINFORM – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің орынбасары Олжас Анафин орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында елде екінші дүниежүзілік соғыстың неше ардагері қалғанын айтты.
- 5 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстанда Екінші дүниежүзілік соғыстың 105 ардагері және Жеңіске үлес қосқан басқа санаттағы 40 707 азамат тұрады, - деді ол.
Айтуынша, жергілікті әкімдіктер жергілікті бюджет пен демеушілер есебінен ардагерлерге жан-жақты көмек көрсеткен. Олар:
- коммуналдық қызметтерге ақыны өтеуге (2,6 млрд теңге);
- тұрғын үйді жөндеуге көмек (21,5 млн теңге);
- отын сатып алуға (14,5 млн теңге);
- қоғамдық көлікте жол жүру жеңілдіктері (4,1 млрд теңге);
- дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бойынша (48,5 млн теңге);
- тіс протездеуге (441,9 млн теңге);
- азық-түлік топтамасына (103,9 млн теңге).
Еске салсақ, Астана әкімдігінің қызметкерлері кешегі әскери шеруге кіре алмаған тыл ардагерінен кешірім сұраған болатын.