Елімізде қанша адам 1,5 млн теңгеден астам жалақы алады

Ұлттық статистика бюросы 2023 жылғы сәуірде қызметкерлердің санын есептелген жалақы мөлшеріне бөлу бойынша жыл сайынғы жүргізілген зерттеу қорытындысын жариялады. Бұл туралы Kazinform Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: Рустем Айтхожин

Оның қорытындысына сай кәсіпорындар мен ұйымдардың көрсетілген тобы бойынша 2023 жылғы сәуірде толық жұмыс істеген қызметкерлер саны 3 437,3 мың адамды құрады.

Зерттеуге орта және шағын кәсіпорындардың ішінара 30%-ы іріктеліп қатысты. Онда барлық қосымша ақы, үстемеақы, сыйақы, салық пен зейнетақы аударымын ескере отырып, 2023 жылғы сәуір айы үшін нақты есептелген жалақы туралы деректер пайдаланылды.

Қызметкерлердің орташа айлық жалақысы – 70 000 теңгені қызметкерлердің 1,5%-ы алады. 70 000-нан 150 000 теңгеге дейін – 22,8%, 150 000-нан 300 000 теңгеге дейін – 36,2%, 300 000-нан 600 000 теңгеге дейін – 30,8%, 600 000-нан 900 000 теңгеге дейін – 5,5%, 900 000-нан 1 200 000 теңгеге дейін – 1,7%, 1 200 000 теңгеден 1 500 000 теңгеге дейін – 0,6%, 1 500 000 теңгеден жоғары жалақыны қызмектерлердің 0,9%-ы алады. 

Сондай-ақ 2023 жылғы қызметкерлер жалақысының модальді мәні 81 377 теңгені құрады.