Елімізде қар түсіп, нөсер жауын жауды

АСТАНА. KAZINFORM – Жаз таяғанда ауа райы қазақстандықтарға күрт континенттік климатта өмір сүріп жатқанын тағы бір еске салды. Еліміздің бірнеше өңірінде жаңбыр аралас қар жауды. Назарларыңызға Kazinform агенттігінің табиғи құбылыстарға шолуын ұсынамыз.

Фото: Александр Павский/Kazinform

Бүгін Ақмола облысында қар жауды. Атап айтқанда, Ақкөл және Ерейментау қаласында, сондай-ақ елорда маңындағы басқа да елді мекендерде қалың қар жауды.

Ақмола облысының тұрғындары ауа райының күрт өзгерісі туралы көріністерді әлеуметтік желіге жариялады.

Астана және Шымкент қаласының көшелерін қатты жауын-шашыннан көшелерді су басты. Шымкентке жауған нөсердің жойқын зардаптары туралы Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады.

Еске сала кетейік, «Қазгидромет» демалыс күндері жауын-шашын, қар, найзағай, бұршақ және желдің күшейтіндігін болжаған болатын.

«Келе жатқан суық ауа массалары түнде және таңертең 3 градусқа дейін аяз болатындығын ескертті. Демек 25 мамырда батыста, солтүстік-батыста, солтүстікте, 26 мамырда орталықта, 27 мамырда шығыста, оңтүстік-шығыста, 26-27 мамырда Оңтүстік Қазақстанның таулы аймақтарында ауа температурасы төмендейді», - делінген хабарламада.