Бүгін Мәжілістің жалпы отырысынан кейін БАҚ өкілдері төменгі палата спикерінен: «Қоғамда сіздер құрып жатқан жаңа Қазақстан мен ескі Қазақстан арасында текетірес жүріп жатыр деген пікір бар. Оған себеп - экс-президенттің Астана клубын өткізуі, одан кейін Ресейге барып Путинмен кездесуі. Халықтың алаңдауына негіз бар ма?», - деп сұраған едік.
«Халықтың алаңдауына, сіздің алаңдауыңызға негіз жоқ. Бірінші кезекте ешбір қос билік бүгінде жоқ. Ол болуы мүмкін емес. Бүгінде барлық шешімдерді халық басым көпшілікпен сайлаған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев қабылдап отыр. Сауалыңызға келер болсақ, экс-президент бүгінде мемлекеттік мәселелерге, істерге ешбір араласпайды. Екіншіден, өзінің кездесулері немесе өткізіп жатқан іс-шаралары, жүрген жол сапарлары – оның барлығы жеке азамат ретінде құқығын пайдаланып жүргендігі», - деп жауап берді Ерлан Қошанов.