Елімізде құлпынай мен шие бағасы қанша

АСТАНА. KAZINFORM - Мамыр айының орта тұсында базар мен супермаркеттердің сөрелеріне құлпынай мен шие қойылып, сұраныс та көбейді. 2025 жылы бұл жемістердің бағасы кейбір аймақ тұрғындары үшін қалтаға салмақ салып тұр.

Фото: Midjourney

Еліміздің оңтүстігінде жеміс-жидек ерте піскенімен, дәл осы өңірде баға жоғары болып тұр. Шымкентте құлпынай бағасы - 2000-6000 мың теңге аралығында. Ал шиенің келісі 3500-6000 теңге болып тұрады. Атырауда баға одан да жоғары. Мұнда құлпынайдың келісі 6 000 теңге шамасында. Ал шие әзірге сатылымға шыға қоймаған. Орал қаласында да дәл осы көрініс. Мұнда құлпынай бағасы 5500 теңгеден басталса, шие сатылып жатқан жоқ.

Инфографика: Kazinform

Сонымен бірге Астана қаласында да баға жоғары болып тұр. Мұнда құлпынайдың келісі 3000 теңге, шиенің бағасы тіпті 10 000 теңгеге дейін жетеді.

Таразда құлпынайдың келісін 1200-1300 теңгеге сатып жатыр. Шие құны - 2500-3000 теңге.

Сатушылардың айтуынша, шие әзірге өте сирек кездеседі. Түркістанда құлпынайдың келісі 1300-1600 теңге болса, мұнда шиені 2000-2500 теңгеге сатып алуға болады. Бұл еліміздегі құлпынай мен шие бағасы төмен өңірлер қатарына жатады.

Алматыда көтерме сауда орны бар, логистикасы ыңғайлы өңір болған соң құлпынайдың келісі 1000-1500 теңгеден, ал шие 2000-2800 теңгедан саудаланып жатыр.

Қызылорда (құлпынай - 1600, шие - 2500) мен Көкшетауда (құлпынай - 1800, шие - 2300) баға шамалас.

Қарағанды, Жезқазған, мен Петропавлда баға орташа болып тұр. Қарағанды мен Жезқазғанда құлпынайдың келісі 1000-2500 теңге, ал шие 1800-3500 теңге тұрады. Петропавл базарларында құлпынай келісі 2100, шие 2500 - 4300 теңгеге сатылып жатыр. Өскемен мен Семейде баға сәл жоғары. Құлпынай - 2 000–2 800, шие — 3 500–4 000 теңге.

Павлодарда биыл баға қымбат. Шиенің келісі 6000-8000 теңгеге жеткен. Ал құлпынайдың келісі - 1800-3000 теңге. Мұндай жоғары баға Астана мен Атырауда тіркелген еді.

Адамдар көтерме сауда жасаған кезде ұтады. Баға 300-500 теңгеге төмен болады. Дегенмен мұнда да бағаға өңірлердің қай жерде орналасқаны әсер етеді. Оған жеткізу, көлік шығынын қосу керек.

Kazinform тілшісі бұған дейін экзотикалық жеміс-жидек, құрма қияр мен қызанақ,  сонымен бірге фаршшай мен кофе, ірімшік пен сүзбе бағасын жазды.