Елімізде құрылыс жұмыстары 15,3%-ға өсті

АСТАНА. KAZINFORM – 2026 жылғы қаңтар-шілдеде орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 15,3% өсіп, 5 061,1 млрд. теңгені құрады, деп хабарлайды Ұлттық статистика бюросы.

Фото: Александр Павский / Kazinform

Құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) түрлері бойынша ең көп үлесті автомобиль, теміржолдары мен метролар (24,7%), тұрғын емес ғимараттар (жалпы көлемге 21,4%) және тұрғын үйлердің (13,4%) құрылысы алады.

Айта кетейік, Республика бойынша құрылыс жұмыстарының жалпы көлемінен жеке құрылыс ұйымдарымен 90,1%, шетелдік – 9,2%, мемлекеттік – 0,7% орындалды.

Осыған дейін елде құрылыс материалдары өндірісін дамытуға 775 млрд теңге бағытталатыны туралы жаздық.