Үкіметтің мәліметінше, ол аталған жұмыстардың нәтижесінде 2025-2028 жылдарға арналған курорттық аймақтарды дамыту жөніндегі Жол картасының жобасы әзірленгенін атап өтті.
— Сондай-ақ биыл курорттық инфрақұрылымды жүйелі жаңғыртуды, қауіпсіздік деңгейін арттыруды, логистиканы және туристік сервистерді дамытуды көздейтін Щучье-Бурабай курорттық аймағын дамытудың кешенді жоспары, сондай-ақ 2025-2029 жылдарға арналған «Маңғыстау» туристік аймағын дамытудың кешенді жоспары бекітілді, — деді Мырзабосынов.
Бұдан бұрын Қазақстанда туризм саласына тартылған инвестиция көлемі 38,1%-ға өскені анықталды.