Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жыл сайын ішкі еңбек нарығын қорғау үшін жұмыс берушілердің қажеттіліктеріне қарай шетелдік жұмыс күшін тартуға квоталар бөледі. Мысалы, 2025 жылы квоталар 4 санат бойынша бөлінді:
Басшылар және орынбасарлары — 726 рұқсат
Құрылымдық бөлімшелердің басшылары — 3 402 рұқсат
Мамандар — 5 893 рұқсат
Білікті жұмысшылар — 3 131 рұқсат
Сонымен қатар, маусымдық жұмыстар үшін 4 994 адамға дейін квота қаралған. Үй шаруашылықтарында жұмыс істеуге арналған квота 2025 жылы жұмыс күшінің 2,9%-ы шамасында белгіленген.
Бұдан бұрын шетелдік жұмыс күшін тартатын жұмыс берушілерге қойылатын талаптар өзгеретінін жазған едік.