Елімізде оқуға бармай жүрген балалар анықталып жатыр – прокуратура

Фото: Фото: ҚазАқпарат

ҚР Бас прокуратурасы Қоғамдық мүдделерді қорғау қызметі басшысының орынбасары Сәкен Самет елімізде оқуға бармай жүрген балалар анықталып жатқанын айтты, деп хабарлайды Kazinform.

«Биылғы жиналыста Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі отбасының цифрлық картасын таныстырды. Сол бағдарламаны зерделеу нәтижесінде елімізде 1 мыңға жуық баланың ешқандай әлеуметтік мәртебесі белгіленбені анықталды. Бұл жұмысқа тікелей прокурорлар араласып, қазір олардың әрқайсысы қайда оқитыны, қай балабақшаға барғаны анықталып,тиісті жұмыс атқарылып жатыр», - деді С. Самет Сенатта кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын қамтамасыз ету мәселесін талқылау кезінде.

Бұл тұрғыда ол осы мәселеге Бала құқықтары жөніндегі уәкіл және оның өңірлердегі өкілдіктері атсалысып жатқанын айтты.

«Дегенмен осы бағдарламаны зерделеу нәтижесінде туысқандары баланы бір-біріне беріп жіберген деректер, өмірі балабақшаға және оқуға бармаған балалар анықталды. Сондықтан прокурорлар жұмысы аясында олардың бәрінің құқықтары қорғалып жатыр», - деді Сәкен Самет.