Жыл басынан бері 133 жұмысшы өндіріс орнында қаза тапқан

АСТАНА. KAZINFORM — ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің мәліметіне сәйкес 2025 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша өндірістегі жазатайым оқиғалардан 934 жұмыскер зардап шегіп, оның 133-і қаза тапты. Бұл ретте биылғы 9 айдың қорытындысы бойынша өндірістік жарақаттану 2024 жылдың екінші жартыжылдығымен салыстырғанда 3,4%-ға төмендеді. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі мәлім етті.

Фото: Gov.kz