Министрліктің мәліметінше, Қостанай, Павлодар облыстарында сондай-ақ Катон – Қарағай МҰТП–та, «Семей орманы» МОТР, «Жасыл Аймақ» РМК–да шыққан өрт оқшауланған.
— Бүгінгі өрт ошақтары «Қазавиаорманқорғау» РМҚК-ның әуе патрульдеу барысында және ерте анықтау жүйелері арқылы анықталып, орман күзеті мен «Қазавиаорманқорғау» РМҚК-ның әуе өрт сөндіру десанттары аз уақыт ішінде оқшаулау жұмыстарына кірісті, — деп хабарлады ведомстводан.
Арнайы техникалар мен тікұшақ жұмылдырылып нәтижесінде аумаққа таралу қаупінсіз өрт ошақтары жедел сөндірілді.
— Республика бойынша аптап ыстықтың күтілуіне байланысты өрт қауіпті кезеңде табиғат аясында демалушыларды өрт қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақырамыз, — деп ескертті Экология министрлігі.
Айта кетейік, орман мен ұлттық парктерді өрттен қорғауға 16,9 млрд теңге бағытталды.