«Әкімдіктер Төтенше жағдайлар министрлігімен бірлесіп, тұрғын үй секторында жаппай өрт қауіпсіздігі айлығын ұйымдастыруы қажет. Бұған әкімдіктердің газ-техникалық инспекциясын тарту керек. Бірінші кезекте, әлеуметтік осал топқа жататын халықтың үйлерін есепке алған жөн. Олар ерекше бақылау аймағында болуға тиіс», - деді Премьер-министр.
Олжас Бектенов аталмыш үйлердің бәріне өрт датчиктерін тегін орнату керек екенін еске салды.
«Алайда, Жетісу, Ақмола, Ақтөбе облыстарының және Алматы қаласы әкімдіктерінің бұл бағыттағы жұмыстары мардымсыз екенін атап өткім келеді. 2%-дан 14%-ға дейін ғана қамтылған. Аталған әкімдіктер жұмысты күшейтіңіздер», - деді Үкімет басшысы.