«Қолданыстағы штаттық нормативтерге қарағанда, өртке қарсы қызмет қызметкерлері бойынша норматив пен нақты саны арасындағы айырмашылық 44% құрап отыр. Барлық қызметкер қажет киіммен (шлем, улы газдан қорғайтын жабдық, сырт киім, аяқ киім, рация, алғашқы медициналық көмек көрсету қобдишасы және т.б.) қамтамасыз етілген. Өрт сөндіру көлігіне жүргізушілер жетіспейді», - делінген министрліктің Kazinform агенттігіне берген жауабында.
Бұдан бұрын хабарланғандай, биылдың өзінде 150-ге жуық табиғи өрт тіркелді.
«Осы жылы жаз ыстық болуы мүмкін, яғни өрттің шығу қаупі жоғары. Қазірдің өзінде еліміз бойынша 27 орман өрті және 122 дала өрті тіркелді. Олардың көбі министрлік күштерінің, соның ішінде авиацияның қатысуымен ауыздықталды», - деп аталып өткен министрлік хабарламасында.
Жыл сайын өрт қауіпті кезеңде 1 мыңға жуық орман өрті, сондай-ақ адамдардың өміріне, олардың мүлкіне және қоршаған ортаға қауіп төндіретін 4 мыңға тарта дала өрті тіркеледі.