Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, биыл 902 орман өрті тіркелді. Өрт санының өсуіне қарамастан, өрт шарпыған аумақ 27,5 мың гектардан 14,9 мың гектарға дейін қысқарды.
2023–2026 жылдары орман шаруашылығы мекемелеріне 2 204 арнайы техника сатып алынды.
Ормандарды авиациялық қорғау 12 облыста жүзеге асырылып, әуе кемелерінің жалпы ұшу уақыты 6 827 сағатты құрады.
-Орман өрттерінің алдын алу, материалдық-техникалық базаны нығайту, мамандарды даярлау және өртті ерте анықтау жүйелерін енгізу жұмыстары жалғасып жатыр, делінген хабарламада.
Айта кетейік, СҚО-да орманда от жаққандарға биыл 1,4 млн теңге айыппұл салынды.