Жұмыс істеп тұрған субъектілер үлесі:
68,4% — дара кәсіпкерлер
18% — шағын кәсіпкерліктегі заңды тұлғалары
13,5% — шаруа не фермер қожалықтары
0,1% — орта кәсіпкерліктегі заңды тұлғалар
Жұмыс істеп тұрған субъектілердің 35,1% саудамен, 15,6% басқа да қызмет түрлерімен, 14,3% ауыл шаруашылығымен айналысады.
«Шағын орта кәсіпкерлік секторында елдің экономикалық белсенді халқының жалпы санының 45,6% еңбектенеді. Мұнда жұмыспен қамтылғандардың саны 2022 жылмен салыстырғанда 5,3% өсіп, 4 326 мың адамды құрады», - делінген хабарламада.
2023 жылғы қаңтар-қыркүйекте республика бойынша ЖІӨ ШОК үлесі 36,5% құрады және алдыңғы жылмен салыстырғанда 0,5 пайызға өсті.