Елімізде шетелдік валюта қаншадан саудаланып жатыр

Фото: Виктор Федюнин / Kazinform

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Астана мен Алматы ақша айырбастау орындарында шетелдік валюта бағамдары ұсынылды.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктерінде:

— доллар: сатып алу — 547,27 теңге, сату — 549,16 теңге;
— еуро: сатып алу — 642,07 теңге, сату — 644,31 теңге;
— рубль 6,61 — 6,73 теңге аралығында саудаланады.
— юань 76,43 — 79,02 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Елорданың ақша айырбастау пунктерінде:

— доллар 545,74 теңгеден сатып алынады, 551,66 теңгеден сатылады;
— еуро: сатып алу — 637,63 теңге, сату — 645,69 теңге;
— рубль: сатып алу — 6,66 теңге, сату — 6,82 теңге.
— юань 76,35 теңгеден сатып алынады, 80,19 теңгеден сатылады;

Еске салайық, 2 қазан күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 1,95 теңгеге арзандап, 546,96 теңге болды.