ТЖМ қызметкерлері профилактикалық рейдтер жүргізіп, демалушыларға судағы қауіпсіздік ережелерін еске салды.
Ерекше назар жаппай демалыс орындары мен балалардың қауіпсіздігіне аударылып отыр.
- Құрметті азаматтар, шомылу үшін арнайы жабдықталған орындарды таңдаңыздар және балаларды қараусыз қалдырмаңыздар. Төтенше жағдай болған жағдайда дереу 112 нөміріне хабарласыңыздар, - делінген хабарламада.
Қонаевта 1 маусымнан бастап шомылу маусымы ресми түрде ашылғанын жазған едік.
Жайдары жаз келісімен дүйім жұрттың өзен-көлдің жағасына ағылатыны белгілі. Бірақ өскемендіктер үшін шомылатын жерлер саны азайып отыр. Себебі суы лайланған жағажайлардың бірінде суға түсуге тыйым салынды. Kazinform тілшісі Шығыс Қазақстанның шомылу маусымына дайындығын зерделеп көрді.