Аталған құжат еліміздегі сутегі энергетикасы секторын дамыту үшін негізгі бағдар болады және жаһандық экологиялық мәселелерді шешуге елеулі үлес қосады.
Тұжырымдамаға ұлттық көміртегі бейтараптығы мақсатына қол жеткізу және парниктік газдар шығарындыларын қысқарту жөніндегі халықаралық міндеттемелерді орындау сияқты маңызды бағыттар кіреді. Негізгі назар сутегі технологияларын дамытуға және осы саладағы пилоттық жобаларды іске асыру үшін инвестициялар тартуға аударылады. Тұжырымдамада көзделген пилоттық жобалар озық технологияларды енгізуге және елдің энергетика секторында жаңа мүмкіндіктер жасауға ықпал етеді.
Тұжырымдаманы сәтті жүзеге асыру Қазақстаға әлемдік энергетика аренада өз позицияларын нығайтуға мүмкіндік береді және көміртекті бейтараптыққа жету жолындағы маңызды қадам болады деп күтілуде.
Сутегі энергетикасын дамыту Қазақстанның жасыл экономикаға көшу және тұрақты даму стратегиясының маңызды элементі саналады.
Тұжырымдама жобасымен мына сілтеме бойынша танысуға болады.