Үкімет отырысынан кейінгі баспасөз мәслихатында министр қазір тиісті түзетулер пысықталып жатқанын айтты. Жүргізуші қызметін бастағанға дейін міндетті медициналық тексеруден өткізу қарастырылып жатыр.
«Биыл емес, келер жылы іске қосылуы мүмкін. Нақты қай кезде енгізілетінін тағы да жариялаймыз. Себебі бұл тұрғыда мемлекеттік органдар да, интернет-агрегаторлар да (InDriver және Яндекс) тиісті дайындықтан өтуі керек», - деді М. Қарабаев.
Биыл шілде айында Ішкі істер министрі Ержан Сәденов интернет арқылы такси қызметін көрсетушілердің жұмысын заңмен реттеу қажеттігін айтты.