Елімізде цифрлық штабтың жедел топ құрамы бекітілді

Photo credit: freepik.com

АСТАНА. KAZINFORM — Премьер-министр цифрлық трансформация (Цифрлық штаб) бойынша жедел топ құру туралы өкімге қол қойды

Жедел топтың құрамына кірді:

— Қазақстан Республикасының Премьер-министрі — төраға;
— Қазақстан Республикасы Үкіметі аппаратының басшысы — Премьер-министрдің орынбасары;
— Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы (келісім бойынша);
— Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі — төрағаның орынбасары;
— Қазақстан Республикасы Президентінің цифрландыру мәселелерін қадағалайтын кеңесшісі (келісім бойынша);
— Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің орынбасары — хатшы.
Топтың жұмыс органы — Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне қарасты шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын — «Цифрлық үкіметті қолдау орталығы». Ол топ отырыстардың күн тәртібін әзірлейді және қажетті материалдарды дайындайды.

Жедел топтың отырыстары қажеттілікке қарай өткізіледі.

Орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілерінің басшылары топ шешімін орындамағаны немесе тиісті деңгейде орындамаған жағдайда жеке жауапкершілікке тартылады. 

Топтың міндеттері: 

— экономика саласын цифрлық трансформациялауды қамтамасыз ету;
— цифрландыру саласындағы жобалар бойынша мәселелерді қарастыру.

Топтың өкілеттіктері: 

— орталық және жергілікті мемлекеттік органдарға, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілері үшін міндетті шешімдер қабылдау;
— топтың отырыстарына орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілерінің өкілдерін шақыру.

Еске сала кетсек, бірнеше күн бұрын Үкімет жанынан цифрлық трансформация бойынша топ құрылды